Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[[фэнтези]][[драма]]"},"авторы":{"wt":"[[Райан Кондал]][[Джордж Р. Р. Мартин]]"},"атқарушы продюсері":{"wt":"Мигель СапочникРайан КондалДжордж Р. Р. МартинРон Ш

Айдаһар үйі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Айдаһар үйі
House of the Dragon
Айдаһар үйі
Жанры шытырман оқиғалы
фэнтези
драма
Идея авторы Райан Кондал
Джордж Р. Р. Мартин
Бастапқы тақырып Game of Thrones Theme
Композиторы Рамин Джавади
Мемлекет  АҚШ
Тілі ағылшын тілі
Маусымдар саны 3
Сериялар саны 26
Өндіріс
Атқарушы продюсері Мигель Сапочник
Райан Кондал
Джордж Р. Р. Мартин
Рон Шмидт
Жослин Диас
Сара Хесс
Винс Джерардис
Алан Тейлор
Операторы Фабиан Вагнер
Пепе Авила дель Пино
Алехандро Мартинес
Кэтрин Голдшмидт
Серия ұзақтығы 54–70 минут
Хабар тарату
Телеарна HBO
Бейне форматы 4K HDR
Дыбыс форматы Dolby Atmos
Таратылым кезеңі 21 тамыз 2022 жыл 
Хронология
Байланысы бар шоу Тақтар таласы
Сілтемелер
IMDb ID 11198330
Ресми сайты

«Айдаһар үйі» (ағылш. House of the Dragon) — Джордж Р. Р. Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдарға негізделіп түсірілген екінші телесериал. Онда «Тақтар таласындағы» оқиғалардан екі ғасыр бұрын болған Жеті патшалықтағы күрделі қарым-қатынастар жайында баяндалады.

HBO арнасы сериал бойынша жұмыстардың басталғанын 2019 жылдың күзінде растады. Он сериядан тұратын алғашқы маусымының тұсаукесері 2022 жылы 21 тамызда өтті.

Алғашқы серияны 10 миллионға жуық көрермен көрді. Бұл арна үшін рекордтық көрсеткіш болды.

Сериал идеясы

Сериал Таргариен әулетінің екі тармағының арасындағы билік үшін күрестен туындаған азамат соғысы жайында баяндайды. Ойдан шығарылған Вестерос құрлығының хроникасына ол «Айдаһарлар биі» деген атаумен кірді және I Эйегонның басқыншылығынан 129-131 жыл кейін болған деп қарастырылады. «Айдаһарлар биі» патша I Висерис қайтыс болғаннан кейін басталды, оның үлкен қызы ханшайым Рейенира және екінші некесінен туған ұлы II Эйегон Таргариен бір уақытта Темір тағына құқықтарын жариялады. Бұл қақтығыстың тарихи прототипі король I Генридің жиені Стефан мен I Генридің қызы Матильда арасындағы ағылшын тағы үшін соғыс (1135-1154) болды.

Сценарийдің әдеби негізін Джордж Мартиннің «От пен қан» кітабы құрайды. Ол ойдан шығарылған тарихшының жүргізген шежірелері жанрында жазылған. Көрермендерге оқиғаны түсінікті ету мақсатында, шоудың авторлары кітап оқиғаларын хронологиялық тәртіппен объективті шындық ретінде көрсетуді жөн көрді.

Джордж Р. Р. Мартин 2022 жылдың тамызында «History of Westeros» подкасына берген сұхбатында айтқандай:

Біз бастапқыда сериал тұжырымдамасын талқылаған кезде, әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырдық. Арасында "Расёмондағыдай" нұсқа да болды, яғни бір оқиғаны бірнеше көзқарастан көрсететіндей қылу. Кадрға кірмейтін баяндаушыны, мысалы архимейстер Гильдейнді, енгізуге болатын еді. Ол менің сүйікті ескі "Мен, Клавдий" сериялындағы Клавдий сияқты әр эпизодта оқиғалардың қандай дереккөздерге сүйене отырып көрсетілгенін түсіндірер еді. Алайда, өкінішке орай, Клавдий әдісі қазір ешкімге ұнамайды.

Жаңа сериалдың сюжетін «Тақтар ойынымен» байланыстыру үшін сценарийшілер болашақтағы Ақ жүргіншілердің басқыншылығы туралы I Эйегонның көрген түсі қосымша идеясын қосты.

Эпизодтары

Сезон 1 (2022)

№ Эпизод атауы Режиссёр Сценарист Тұсаукесері
1
Айдаһардың мұрагерлері / The Heirs of the Dragon
Мигель Сапочник
Райан Кондал
21 тамыз 2022
2
Арамза ханзада / The Rogue Prince
Грег Яйтанс
Райан Кондал
28 тамыз 2022
3
Тегіндегі екіншісі / Second of His Name
Грег Яйтанс
Гейб Фонсека, Райан Кондал
4 қыркүйек 2022
4
Тар теңіздің патшасы / King of the Narrow Sea
Клэр Килнер
Айра Паркер
11 қыркүйек 2022
5
Жолға жарық төгеміз / We Light the Way
Клэр Килнер
Шармейн ДеГрате
18 қыркүйек 2022
6
Ханшайым һәм патшайым / The Princess and the Queen
Мигель Сапочник
Сара Хесс
25 қыркүйек 2022
7
Дрифтмарк / Driftmark
Мигель Сапочник
Кевин Лау
2 қазан 2022
8
Тасын судың қожайыны / The Lord of the Tides
Гита Васант Патель
Эйлин Шим
9 қазан 2022
9
Жасыл кеңес / The Green Council
Клэр Килнер
Сара Хесс
16 қазан 2022
10
Қара патшайым / The Black Queen
Грег Яйтанс
Райан Кондал
23 қазан 2022

Сезон 2 (2024)

№ Эпизод атауы Режиссёрі Сценаристері Тұсаукесері
11
Ұлға — ұл / A Son for a Son
Алан Тейлор
Райан Кондал
16 маусым 2024
12
Қатыгез Рейенера / Rhaenyra the Cruel
Клэр Килнер
Сара Хесс
23 маусым 2024
13
Жанған диірмен / The Burning Mill
Гита Васант Патель
Дэвид Хэнкок
30 маусым 2024
14
Қызыл Айдаһар және Алтын / The Red Dragon and the Gold
Алан Тейлор
Райан Кондал
7 шілде 2024
15
Регент / Regent
Клэр Килнер
Ти Миккель
14 шілде 2024
16
Бұқара халық / Smallfolk
Андрий Парех
Эйлин Шим
21 шілде 2024
17
Қызылды себу / The Red Sowing
Лони Перистир
Дэвид Хэнкок
28 шілде 2024
18
Бұрыннан болған патшайым / The Queen Who Ever Was
Гита Васант Патель
Сара Хесс
4 тамыз 2024

Сезон 3 (2026)

№ Эпизод атауы Режиссёрі Сценаристері Тұсаукесері
19
Тұз бен теңіз, от пен қан / Salt and Sea, Fire and Blood
Лони Перистир
Райан Кондал
21 маусым 2026
Жоғары