
Аймақтық балқыту (Зонная плавка) — өңделетін материалдан, үлгіден "аймақ," деп аталатын, үлгі бойымен жылжытып отыратын кішкене балқытылған бөлік жасау арқылы материалдарды қайта кристалдау әдісі. Аймақтық балқыту электрондық аспаптар технологиясын, лабораторияда және өндірісте қоспалары 10-7—10-9% болатын таза материалдарды алу үшін (аймақтық тазалау), легирлеу және кесінділер бойымен қоспаларды бірқалыпты тарату үшін (аймақтық теңестіру), сондай-ақ монокристалл алу үшін және т.б. мақсаттарда қолданылады.
Санат:
- Электроника