Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Аймақтық жапқыш Мұнайлы кешенді оның бүкіл ауқымында қалқалайтын нашар өткізетін галогендік немесе сазды таужыныстардың свитасы немесе бірнеше свиталар жиынтығы

Аймақтық жапқыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аймақтық жапқыш Мұнайлы кешенді оның бүкіл ауқымында қалқалайтын нашар өткізетін галогендік немесе сазды таужыныстардың свитасы немесе бірнеше свиталар жиынтығы, сирегірек сериясы. Ең тамаша Аймақтық жапқыш рөлін мейілінше аққыш, сондықтан да ауқымды аудандарды жаппай көмкеруге қабілетті галогендік таужыныстар (мәселен, галитит) атқара алады. Мұндай жапқыштардың тағы бір тиімділігі - олар көмірсутек жатындарының шашырай құрдымдалуы на кедергі жасап қана қоймай, өздерін төсеген қабаттарға жинақталған кеуектік сулардың да өзге өңірлерге ағып кетуін қиындатады, сөйтіп аталған қабаттардың тығыздық көрсеткіші төмен дәрежеде қалуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі, өз кезегінде, сазды немесе өзге таужыныстардан тұратын Аймақтық жапқышқа қарағанда төмен дәрежелі жапқыштардың (субаймақтық, белдемдік және жергілікті жапқыштардың) аққыштық қабілетін жоғалтпауына, сөйтіп мұнайлы кешеннің ішінде орналасқан жынауыштардың өтімділік қасиетін сақтауына мүмкіндік туғызады.

Жоғары