| Алабота | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Орталық Азия алаботасының (Atriplex centralasiatica Iljin) сабақтары | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Түрлері | ||||||||||||||||
| 100—200 шамасында, мәтінді қараңыз |
Алабота (лат. Atriplex) — біржылдық шөп текті өсімдік.
Биіктігі 20—80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.
Алабота тағамдық өсімдік ретінде ертеден бері белгілі. XIX ғ. дейін оны бақтарда дақылдармен бірге өсірген. Ежелгі грек дәрігері Гален алабота өзге тағамдардай-ақ тойымдылық беретінін айтқан. Содан кейін алаботада көп мөлшерде протеин бар екені анықталды. Алаботаның иісі, дәмі жоқ, бұл оны басқа өнімдермен қосып дайындауға таптырмас құрамдас бөлік екенін көрсетеді.
Емдік рөлі
Бауырды қуаттандырып, көзді нұрландырады.
Өзге рөлдері
Сабын жасайды, жер тыңайтады, маңызды мал шаруашылық қоректік шөбі.
- Қызылқұйрық тұқымдасы
