Аланд аралдары (швед. Åland — Оланд, фин. Ahvenanmaa, Ахвенанмаа - «алабұға елі») — Балтық теңізінде орналысқан архипелаг, Скандинавия елдерінің бірі. Финляндия құрамындағы автономия болып табылады. Халық саны - 28 501 (2012 ж.). Провинцияның жалғыз қаласы әрі астанасы - Мариехамн (11 мың тұрғын 2008 жылы).
| Автономды провинция | |||||
| Аланд аралдары | |||||
| фин. Ahvenanmaa швед. Landskapet Åland | |||||
| |||||
| Ålänningens sång | |||||
| Әкімшілігі | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Ел |
| ||||
| Енеді | 16 қоғам | ||||
| Әкімшілік орталығы | Мариехамн | ||||
| Губернатор | Петер Линдбек | ||||
| Премьер-министр | Камилла Гунелл | ||||
| Тарихы мен географиясы | |||||
| Координаттары | 60°12′20″ с. е. 20°29′09″ ш. б. / 60.20556° с. е. 20.48583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 60°12′20″ с. е. 20°29′09″ ш. б. / 60.20556° с. е. 20.48583° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
| Құрылған уақыты | 1920 жыл (автономия) | ||||
| Жер аумағы | 1552 км² (19 орын) | ||||
| Биіктігі · Ең биік |
| ||||
| Экономикасы | |||||
| ЖІӨ · жан басына | 473 мың $ (2013) | ||||
| Тұрғындары | |||||
| Тұрғыны | 28 501 адам (2012)(19 орын) | ||||
| Тығыздығы | 18,36 адам/км² (10 орын) | ||||
| Ұлттық құрамы | Финдік шведтер | ||||
| Ресми тілі | |||||
| Сандық идентификаторлары | |||||
| ISO 3166-2 коды | FI-01 | ||||
| Телефон коды | 358 18 | ||||
| Интернет-үйшігі | .ax | ||||
|
| |||||
| Координаттар: 60°12′20″ с. е. 20°29′09″ ш. б. / 60.20556° с. е. 20.48583° ш. б. (G) (O) (Я) | |||||



Ресми тілі - Швед тілі: 91,2 % халық үшін - бұл ана тілі, тұрғындардың 5 % үшін ана тілі Фин тілі; басқа тілдердің үлесі - 3,8 %.
Валютасы - еуро. Ақша айналуында швед кронасы да бірдей пайдаланады.
Географиясы
Архипелаг Балтық теңізінің Ботник шығанағында орналасқан. Шығысында Финляндияның құрлық аймағынан Архипелаг теңізінің шхераларымен бөлінген. Батысында және солтүстік-батысында Швециядан Сёдра-Кваркен бұғазымен бөлінген.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай архипелагтың ұзындығы - 130 км. Архипелаг 6757 аралдардан құралған, олардың ішінде 60-сы - елді мекен. Әлемдегі ең үлкен архипелаг болып саналады. Жалпы аумағы - 1552 км²,оның ішінде 27 км² аумағын өзендер мен көлдер алады. Архипелагтың ең ірі аралы - Аланд аралы, аумағы - 685 км². Архипелагтың ең биік жері - Оррдальсклинт белесі, биіктігі 129 м.
Кейбір ірі аралдары (аумағы 5 км²-ден көп):
| Аты | Аумағы (км²) | Биік төбесі (м) | Тұрғыны (адам) |
|---|---|---|---|
| Аланд аралы | 685 | 129 | 21 400 |
| Лемланд | 92 | 77 | 1849 |
| Эккерё | 91 | 36 | 978 |
| Лумпарланд | 33 | 61 | 397 |
| Вордё | 29 | 48 | 400 |
| Эстерсокнен | 23 | ||
| Кумлинге | 23 | 238 | |
| Хуммерсёландет | 17 | ||
| Дегерё | 14 | 35 | |
| Хеллсё | 12,8 | ||
| Энклинге|sv|Enklinge}} | 12,2 | 87 | |
| Соннбудаландет | 10,4 | ||
| Чёкар | 10,3 | ||
| Сеглинге | 9,7 | 46 | |
| Соттунга | 9,3 | ||
| Чиркландет | 6,8 | 17 | |
Климаты
Климаты қоңыржайлы, солтүстік елдерінің арасында күн көзін көбірек көретін аймақ болып есептеледі. Мұздар қаңтардың ортасында қатады да сәуірдің ортасы-мамырдың басында ериді. Қаңтардың орта температурасы - —4 °С, шілдеде 15 °С; жауын-шашын мөлшер - 550 мм в год. Аралдарда бірнеше табиғи қорықтар бар.
Әкімшілік бөлінуі

Әкімшілік бірлік - коммуна. Жалпы Аланд аралдарында 16 коммунна бар
|
|
|
|