Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Албан Асан Бәрменбекұлы (1866-1916, Райымбек ауданы, Үшқақпақ қыстағы) — ақын. Албан руынан шыққан, қырғыз өңірінде бала оқытып, шөкірт тәрбиелеп, модда атанған

Албан Асан

  • Басты бет
  • Албан Асан

Албан Асан Бәрменбекұлы (1866-1916, Райымбек ауданы, Үшқақпақ қыстағы) — ақын. Албан руынан шыққан, қырғыз өңірінде бала оқытып, шөкірт тәрбиелеп, модда атанған. Оның "Жеті қисса" деген толғауын Ілияс Жансүгіров "Жаңа мектеп" журналына (1926, № 9-10) жариялаған. Кейін 1934 ж. "Ақыр заман" деген жеке жинағын шығарды. Ақын өмірінің соңына дейін өз заманының әлеум. теңсіздіктерін, Ресейдің отарлау саясаты салдарынан жерінен айырылған ел-жұртының мүң-зарын өлендеріне арқау етті. Бұл орайда Албан Асан жырлары Шортанбай, Мурат, Дулат, Кердері Әбубәкір шығармаларымен үндес. Туындылары мерзімді баспасөз беттеріңде, "Элем" аль-манағында (1991), "Қазақ поэзиясының антологиясында" (1993), "20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" (1994) жинақтарында жарияланды. Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылының мектеп-гимназиясына Албан Асан есімі берілген. Осы ауылда ескерткіші бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Роман стилі

  • Сәуір 04, 2026

    Олдувэй мәдениеті

  • Наурыз 12, 2026

    Мағжан Бекенұлы Жұмабаев

  • Сәуір 06, 2026

    Ертіс ауданы

  • Наурыз 21, 2026

    Жайық

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары