Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Алтын аю» (нем. Goldener Bär) — Берлин халықаралық кинофестивалінің ең жоғары марапаты. Ол «Алтын пальма бұтағы» (Канн) және «Алтын арыстан» (Венеция) сыйлықта

Алтын аю

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алтын аю
нем. Goldener Bär

2026 жылғы иегері: Илкер Чатак
Жалпы мәліметтер
Мемлекет

 Германия

Марапат не үшін

Берлин кинофестивалінің үздік фильмі үшін

Құрылтайшы

Берлин кинофестивалі (Берлинале)

Негізі қаланды

1951

Ресми сайт

Ресми сайт

«Алтын аю» (нем. Goldener Bär) — Берлин халықаралық кинофестивалінің ең жоғары марапаты. Ол «Алтын пальма бұтағы» (Канн) және «Алтын арыстан» (Венеция) сыйлықтармен қатар әлемдегі ең беделді кинофестиваль сыйлықтарының бірі болып саналады. Аю — Берлин қаласының геральдикалық нышаны, ол қаланың елтаңбасында да, туында да бейнеленген.

1951 жылы өткен алғашқы Берлин халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздарын батысгерманиялық алқа мүшелері анықтады. Ол кезде «Алтын аю» сыйлығы санаттар мен жанрларға бөлініп, бес бірдей жеңімпазға табысталған болатын.

1952 және 1955 жылдар аралығында «Алтын аю» иегерлері көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталып отырды.

1956 жылы Кинопродюсерлер қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIAPF) фестивальді ресми түрде аккредитациядан өткізді. Содан бері «Алтын аю» марапатын халықаралық қазылар алқасы сараптап, жеңімпазды тағайындайды.

Жеңімпаздар

Төменде 1951 жылдан бергі барлық «Алтын арыстан» иегерлерінің тізімі берілген:

Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Режиссёрі Өндіруші ел
1951 Джиптегі төртеу (Драма) Die Vier im Jeep Леопольд Линдтберг  Швейцария
Мекенжайсыз (Комедия) ...Sans laisser d'adresse Жан-Поль Ле Шануа  Франция
Құндыздар алқабында (Деректі фильм) In Beaver Valley Джеймс Алгар  АҚШ
Әділеттілік орнады (Триллер және шытырман оқиға) Justice est faite Андре Кайат  Франция
Күлше қыз (Музыкалық фильм) Cinderella Уилфред Джексон  АҚШ
1952 Бақытты жаздың бір күні Hon dansade en sommar Арне Маттссон  Швеция
1953 Үрей сыйы Le salaire de la peur Анри-Жорж Клузо  Франция
 Италия
1954 Хобсонның таңдауы Hobson's Choice Дэвид Лин  Ұлыбритания
1955 Егеуқұйрықтар Die Ratten Роберт Сиодмак  ГФР
1956 Биге шақыру Invitation to the Dance Джин Келли  АҚШ
1957 12 ашулы кісі 12 Angry Men Сидни Люмет
1958 Бүлдірген алқабы Smultronstället Ингмар Бергман  Швеция
1959 Бөлелер Les Cousins Клод Шаброль  Франция
1960 Тормес кедейі El Lazarillo de Tormes Сезар Фернандес Ардавин  Испания
1961 Түн La Notte Микеланджело Антониони  Италия
1962 Ғашықтық түрі A Kind of Loving Джон Шлезингер  Ұлыбритания
1963 Бусидо — самурай аңызы 武士道残酷物語 Тадаси Имаи  Жапония
Ібіліс Il diavolo Джан Луиджи Полидоро  Италия
1964 Құрғақ жаз Susuz yaz Метин Эрксан  Түркия
1965 Альфавиль Alphaville, une étrange aventure de Lemmy Caution Жан-Люк Годар  Франция


 Италия

1966 Тұйық Cul-de-Sac Роман Полански  Ұлыбритания
1967 Старт Le Départ Ежи Сколимовский  Бельгия
1968 Кім оның өлгенін көрді? Ole dole doff Ян Труэль  Швеция
1969 Ерте туындылар Rani radovi / Рани радови Желимир Жилник  Югославия
1970 Михаэль Верховеннің «o.k.» антисоғыс фильміне қатысты дауға байланысты марапаттар берілмеді
1971 Финци-Контини бағы Il giardino dei Finzi Contini Витторио Де Сика  ГФР
 Италия
1972 Кентербери хикаялары I racconti di Canterbury Пьер Паоло Пазолини  Италия
1973 Алыстағы күн күркірі Ashani Sanket / অশনি সংকেত Сатьяджит Рай  Үндістан
1974 Дадди Кравицтің тәрбиесі The Apprenticeship of Duddy Kravitz Тед Котчефф  Канада
1975 Асырап алу Örökbefogadás Марта Месарош  Мажарстан
1976 Баффало Билл және үндістер Buffalo Bill and the Indians Роберт Олтмен  АҚШ
1977 Өрлеу Восхождение Лариса Шепитько  КСРО
1978 Жеделсаты Ascensor Томас Муньос  Испания
Форельдер Las truchas Хосе Луис Гарсия Санчес
Макстың сөздері Las palabras de Max Эмилио Мартинес-Ласаро
1979 Давид David Петер Лилиенталь  ГФР
1980 Хартленд Heartland Ричард Пирс  АҚШ
Палермо немесе Вольфсбург Palermo oder Wolfsburg Вернер Шрётер  ГФР
1981 Тез, тез Deprisa, deprisa Карлос Саура  Испания
1982 Вероника Фосс-тың сағынышы Die Sehnsucht der Veronika Voss Райнер Вернер Фасбиндер  ГФР
1983 Билік Ascendancy Эдвард Беннетт  Ұлыбритания
Ара ұясы La colmena Марио Камус  Испания
1984 Махаббат ағындары Love Streams Джон Кассаветис  АҚШ
1985 Уэзерби Wetherby Дэвид Хэа  Ұлыбритания
Әйел және бейтаныс адам Die Frau und der Fremde Райнер Симон  ГДР
1986 Штаммхайм Stammheim – Die Baader-Meinhof-Gruppe vor Gericht Райнхард Хауфф  ГФР
1987 Тақырып Тема Глеб Панфилов  КСРО
1988 Қызыл гаолян 红高粱 Чжан Имоу  Қытай
1989 Жаңбыр адамы Rain Man Барри Левинсон  АҚШ
1990 Жіптегі бозторғайлар Skřivánci na niti Иржи Мензель  Чехословакия
Музыкалық қобдиша Music Box Коста-Гаврас  АҚШ
1991 Күлкі үйі La casa del sorriso Марко Феррери  Италия
1992 Үлкен каньон Grand Canyon Лоуренс Кэздан  АҚШ
1993 Үйлену тойы 喜宴 Энг Ли  Қытай Республикасы
 АҚШ
Күнжіт майын жасаушы әйел 香魂女 Се Фэй  Қытай
1994 Әкенің атымен In the Name of the Father Джим Шеридан  Ұлыбритания
 Ирландия
1995 Жемтік L'appât Бертран Тавернье  Франция
1996 Ақыл мен сезім Sense and Sensibility Энг Ли  АҚШ
1997 Халық Ларри Флинтке қарсы The People vs. Larry Flynt Милош Форман
1998 Орталық станция Central do Brasil Вальтер Саллес  Бразилия
 Франция
1999 Жіңішке қызыл сызық The Thin Red Line Терренс Малик  АҚШ
2000 Магнолия Magnolia Пол Томас Андерсон  АҚШ
2001 Интимдік Intimacy Патрис Шеро  Франция
2002 Қанды жексенбі Bloody Sunday Пол Гринграсс  Ұлыбритания
 Ирландия
Сен мен Чихироның рухтармен арбалуы 千と千尋の神隠し Хаяо Миядзаки  Жапония
2003 Осы әлемде In This World Майкл Уинтерботтом  Ұлыбритания
2004 Қабырғаға қарсы Gegen die Wand Фатих Акин  Германия
2005 Хайелитшалық Кармен U-Carmen eKhayelitsha Марк Дорнфорд-Мэй  ОАР
2006 Грбавица Grbavica Ясмила Жбанич  Босния және Герцеговина
2007 Туяның үйленуі 图雅的婚事 Ван Цюаньань  Қытай
2008 Элиталық жасақ Tropa de Elite Жозе Падилья  Бразилия
2009 Қайғы сүті La teta asustada Клаудия Льоса  Испания
 Перу
2010 Бал Bal Семих Капланоглу  Түркия
2011 Надер мен Симиннің ажырасуы جدایی نادر از سیمین Асғар Фарһади  Иран
2012 Цезарь өлуі керек Cesare deve morire Паоло және Витторио Тавиани  Италия
2013 Баланың позасы Poziția copilului Кэлин Питер Нецер  Румыния
2014 Қара көмір, жұқа мұз 白日焰火 Дяо Инань  Қытай
2015 Такси تاکسی Джафар Панахи  Иран
2016 Теңіздегі өрт Fuocoammare Джанфранко Рози  Италия
2017 Тән мен жан туралы Testről és lélekről Ильдико Эньеди  Мажарстан
2018 Маған тиіспе Nu mă atinge-mă Адина Пинтилие  Румыния
2019 Синонимдер Synonymes Надав Лапид  Франция
 Израиль
2020 Зұлымдық жоқ شیطان وجود ندارد Мохаммад Расулоф  Иран
2021 Сәтсіз секс немесе ессіз порно Babardeală cu bucluc sau porno balamuc Раду Жуде  Румыния
2022 Алькаррас Alcarràs Карла Симон  Испания
 Италия
2023 Адамантта Sur l'Adamant Николя Филибер  Франция
 Жапония
2024 Дагомея Dahomey Мати Диоп  Франция
 Сенегал
 Бенин
2025 Арман Drømmer Даг Йохан Хёугеруд  Норвегия
2026 Сары хаттар Gelbe Briefe Илкер Чатак  Германия
 Франция
 Түркия

Тағы қараңыз

Жоғары