Алтынқожа Биқожаұлы (1886, қазіргі Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы – 1943, Ресей, Ярославль облысы, Рыбинск ауданы) – діни қызметкер.
Өмірбаяны
Қожа руынан шыққан.
- 19 жасында Өзбекстанның Үргеніш қаласындағы діни оқуға түскен. 14 жылдай оқып, ишан дәрежесін алған.
- Елге оралып Қармақшының Қызылтам елді мекенінде мешіт ашады. Кіші жүздегі Алтын-Жаппас руында ислам дінін уағыздайды.
- 1902 ж. Уфа қаласында өткен Алашордашылардың ІІ Думасына Қармақшы уезінен делегат болып қатысты.
- 1929 ж. Кеңес органдары дүние-мүлкін кәмпескелеп, Қармақшыдан туған ауылына көшіп келеді.
- 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, 10 жылға сотталып Ресейге жер аударылды.
Санаттар:
- 1886 жылы туғандар
- Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар
- 1943 жылы қайтыс болғандар
- Рыбинск ауданында қайтыс болғандар
- Қазақстан ишандары
- Алаш Орда қайраткерлері
- КСРО-да репрессияланғандар