| Амариллистер | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Амариллис (Amaryllis belladonna) | ||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
| түрлері | ||||||||||
| 1600 түрі белгілі |
Амариллистер тұқымдасы (лат. Amaryllidaceae) – дара жарнақты, көп жылдық жуашықты, тамырсабақты, баданалы шөптесін өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік, кейде қоңыржай аймақтарда, негізінен, Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америкада кездесетін 85 туысы, 1100 түрі белгілі. Қазақстанда 2 туысы, 2 түрі бар, олар табиғи жағдайда өспейді, жылыжайларда қолдан өсіріледі. Жапырақтары көп жағдайда ұзын болады. Ірі гүлдері шатыр құрайды. Жемісі – қорапша, сиректеу жидек. Амариллистер тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілігі дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Гиппеаструм
Кливия
Ворслея
Нәркес
Эухарис
Санат:
- Амариллистер