| Амитабх Баччан | |
| | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 11 қазан 1942 (84 жас) |
| Туған жері | Аллахабад, Британ Үндістаны |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр, әнші |
| Белсенді жылдары | 1969 - қазіргі уақыт |
| IMDb | |
Ортаққордағы Амитабх Баччан | |
Амитабх Баччан (толық аты Амитабх Хариванш Баччан) — Үндістанның танымал киноактері, саясаткер, продюсер және тележүргізуші. 1942 жылы 11 қазанда, Уттар-Прадеш штатының Аллахабад қаласында туған. Әкесі Хариванш Рай Баччан Үндістанның танымал ақыны болған. Өзінен кейін Аджитабх деген інісі бар. 1973 жылы актриса Джайя Бхадуриға үйленеді. Екі баласы бар: қызы – Швета және ұлы – Абишек. Ұлы да өзі сияқты танымал актер. Кинодағы дебюті 1969 жылы «Saat Hindustani» («Семь индийцев») фильмінен басталды. Амитабх 170-тен аса киноға түскен және әлі де түсіп келеді. 2000 жылдан 2005 жылға дейін «Миллион кімге бұйырады» атты теле шоудың үнділік нұсқасын жүргізді.
- 11 қазанда туғандар
- 1942 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актерлер
- Үндістан актерлері