Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аморфты зат (гр. а — жоқ; гр. morphe — пішін, форма; гр. substantia — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын,

Аморфты зат

  • Басты бет
  • Аморфты зат

Аморфты зат (гр. а — жоқ; гр. morphe — пішін, форма; гр. substantia — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса. Әртүрлі мүшелердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушааралық тірі затындағы негізгі аморфты заттың мөлшері мен химиялық құрамы сол ұлпаның қызметі мен жағдайына байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Негізгі аморфты зат — гликозаминдігликандардан, протеиндігликандардан, гликопротеидтерден, судан жөне түрлі бейорганикалық тұздардан тұрады. Бұлардың ішінде аморфты зат қүрамының негізін сульфаттанбаған гликозаминдігликандардың күрделіполимерлі түрі - гиалурон қышқылы құрайды. Бұл қышқылдың ұзын тармақталған полимерлі тізбегі әртүрлі бағытта иіліп, аралықтарында ұяшықтары мен өзектері болатын молекулалық тор жасайды. Осы аталған аморфты зат кеңістіктері арқылы ұлпа сұйығының қатысуымен қан және лимфа капиллярлары мен олардың сыртындағы клеткалар арасындағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп отырады. Аморфты заттың физикалық жағдайы мен атқаратын қызметіне түрлі гормондар (кортикостероидтар және т.б.) мен ферменттер (гиалуронидаза) ықпалын тигізеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Астана

  • Сәуір 07, 2026

    Жатыс септік

  • Наурыз 11, 2026

    Apple Inc.

  • Мамыр 27, 2026

    Көксарай (өзен)

  • Мамыр 29, 2026

    Бағалы қағаз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары