Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Луис Антонио Валенсия Москера (ис. Luis Antonio Valencia Mosquera; 4 тамыз 1985 жыл, Лаго-Агрио, Эквадор) — эквадорлық футболшы, Эквадор Ұлттық футбол құрамасы

Антонио Валенсия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Антонио Валенсия Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Луис Антонио Валенсия Москера

Туған күні

4 тамыз 1985 (1985-08-04)(41 жас)

Туған жері

Лаго-Агрио, Эквадор

Азаматтығы

 Эквадор

Бойы

180

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Эквадор ЛДУ Кито

Номері

25

Клуб карьерасы
2003—2005 Эквадор Эль Насьональ 83 (11)
2005—2008 Испания Вильярреал 2 (0)
2005—2006 → Испания Рекреативо 14 (1)
2006—2008 → Англия Уиган Атлетик 37 (1)
2008—2009 Англия Уиган Атлетик 47 (6)
2009—2019 Англия Манчестер Юнайтед 241 (17)
2019— Эквадор ЛДУ Кито 10 (0)
Ұлттық құрамы
2005—  Эквадор 94 (11)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Луис Антонио Валенсия Москера (ис. Luis Antonio Valencia Mosquera; 4 тамыз 1985 жыл, Лаго-Агрио, Эквадор) — эквадорлық футболшы, Эквадор Ұлттық футбол құрамасы мен "ЛДУ Кито" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы

"Эль-Насьонал" клубының түлегі. 2005 жылы "Вильярреалға" ауысқанымен, ол клубта ойнап жарытпады, көбіне жалға беріліп, басқа командаларда бақ сынады.

2006-08 жылдары "Уиганда" арендада ойнап, 2008 жылдың басында англиялық клуб оны түпкідікті сатып алды да, "Уиганда" 2009 жылдың жазына дейін ойнады.

2009 жылы жазда "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Манчестерлік клуб сапында мүмкін болған жүлделерден Чемпиондар Лигасын ғана ұта алмады (2011 жылы финалға шыққанымен, "қызыл сайтандар" "Барселонадан" ұтылып қалды), қалған жүлделерге толық қол жеткізді.

2019 жылы өз отаныдағы "ЛДУ Кито" клубына ауысты.

Жетістіктері

Командалық

  • Эквадор чемпионы: Кл. 2005
  • Англия чемпионы (2): 2010/2011, 2012/13
  • Англия кубогы: 2015/16
  • Лига кубогы (2): 2009/10, 2016/17
  • Англия суперкубогы (3): 2010, 2013, 2016
  • УЕФА Еуропа лигасы: 2016/17

Жеке

  • Эквадордың үздік футболшысы (2): 2008, 2009
  • Премьер-лиганың үздік футболшысы: қыркүйек 2017

Сілтемелер

Жоғары