| Антониу Гутерреш порт. António Manuel de Oliveira Guterres | ||||
![]() | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 1 қаңтар 2017 жыл | ||||
| Ізашары | Пан Ги Мун | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Социалистік партиясы | |||
| Білімі | Жоғарғы техникалық институты | |||
| Діні | рим-католик шіркеуі | |||
| Дүниеге келуі | 30 сәуір 1949 (77 жас) Лиссабон, Португалия | |||
| Әкесі | Виржилиу Диаш Гутерреш | |||
| Анасы | Илда Кандида де Оливейра | |||
| Жұбайы | Катарина Маркеш де Алмейда Ваш Пинту | |||
| Қолтаңбасы | ||||
| өңдеу | ||||
Антониу Мануэл де Оливейра Гутерреш (порт. António Manuel de Oliveira Guterres, [ɐ̃ˈtɔnju ɡuˈtɛʁɨʃ] ; 30 сәуір 1949 жыл, Лиссабон) — португалдық мемлекет қайраткері, БҰҰ 9-шы Бас хатшысы (1 қаңтар 2017 ж. бастап). Португалия Социалистік партиясының Бас хатшысы (1992–2002), Португалия премьер-министрі (1995–2002), Социалистік интернационалдың төрағасы (1999–2005), босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары (2005–2015).
Өмірбаяны
Антониу Гутерриш 1949 жылы Лиссабон қаласында дүниеге келген.
1965 жылы «Prémio Nacional dos Liceus» сыйлығына ие бола отырып, Камойнш беделді мектебін бітірген.
Жоғарғы техникалық институтында жоғарғы білімді алып, кейін 1973—1975 жылдары аралығында сол оқу орнында оқытушылық қызметін атқарды. Кейбір католиктік жастар қозғалыстармен байланыста болған.
1974 жылы саясатпен айналысып, Португалия Социалистік партиясына мүше болып кірді. 1992—2002 жылдары партияның бас хатшысы болған. 1995 жылдан 2002 жылға дейін Португалия үкіметін басқарды.
2005—2015 жылдары аралығында Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары ретінде жұмыс атқарды.
2016 жылдың жазында БҰҰ Бас хатшысын сайлауы кезінде үміткер ретінде ұсынылды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің дауыс беруі нәтижесінде Гутерриш ұйымның Бас хатшысы қызметіне ие болды. 13 қазан күні БҰҰ Бас ассамблеясы Гутерришты Бас хатшы орнына сайлады. 2017 жылдың 1 қаңтарында қызметіне кірісті.
Жеке өмірі
1972 жылы балалар психиатры Луиза Амелия Гимарайнш-и-Мелуге (1946–1998; қатерлі ісіктен қайтыс болды) үйленді. Осы некеден екі баласы қалды: Педру Гимарайнш-и-Мелу Гутерреш (1977 жылы д.к.) және Мариана Гимарайнш-и-Мелу де Оливейра Гутерреш (1985 жылы д.к.).
2001 жылы мәдениет министрының орынбасары (1995–1997) және мәдениет сұрақтары жөніндегі мемлекеттік хатшысы (1997–2000) болған Катарина Маркиш де Алмейда Ваш Пинтуге (1960 жылы д.к.) үйленді. 1998 жылы дүниеге келген Франсишку Ваш Пинту да Кошта Рамуш асыранды баланы тәрбиелеп жатыр.
Туған португал тілінен басқа испан, француз және ағылшын тілдерін меңгерген.
Құрмет
Ұлттық марапаттар
Португалия: Бостандық орденінің қызыл кресті (2/02/2016).
Испания: Католик Изабелланың ордені (14/06/2002).
Португалия: Иса Мәсіх орденінің қызыл кресті (9/06/2002).
Франция: Сіңірген еңбегі үшін Ұлттық орденінің үлкен кресті (4/02/2002).
Бразилия: Оңтүстік Кресті орденінің үлкен кресті (2002).
Жапония: Күншығыс ордені (2002).
Тунис: Республика ордені (2002).
Италия: Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін ордені (3/12/2001).
Чили: Сіңірген еңбегі үшін ордені (30/09/2001).
Кабо-Верде: Кабрал орденінің бірінші дәрежесі (27/04/2001)
Бельгия: Леопольд I орденінің үлкен лентасы (9/10/2000).
Испания: Карл III орденінің үлкен кресті (8/09/2000).
Грекия: Құрмет орденінің үлкен кресті (17/03/2000).
Мексика: Ацтек бүркіті орденінің арнайы санаттағы лента (2/07/1999).
Уругвай: Шығыс Уругвай Республикасы орденінің кавалері (10/12/1998).
Польша: Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін орденінің үлкен кресті (22/09/1997).
Бразилия: Оңтүстік кресті орденінің үлкен кресті (23/07/1996).
Құрметті дәрежелері
- 2010 – Бейра-Интериор университетінің құрметті докторы
- 2014 – Мэйдзи университетінің құрметті докторы
- 2016 – Заң ғылымдарының құрметті докторы, Карлтон университеті
- 2016 – Коимбра университетінің құрметті докторы
- 30 сәуірде туғандар
- 1949 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Лиссабонда туғандар
- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары
- Португалия премьер-министрлері

