Ара — сатиралық журнал. 1956 ж. наурыздан айына бір рет, 0,75 баспа табақ көлемімен шыға бастады. Алғашқы шығарушылары — Ғ. Мүсірепов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жармағанбетов. “А.” қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық салаларындағы қырсыздықтар мен жауапсыздықтарды, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды батыл әшкереледі. 1995 жылдан бастап журнал А3 қалыптағы 4 беттік газет болып шығып тұрды. 1998 жылы шығуын тоқтатты.
Санаттар:
- Қазақстан журналдары
- 1956 жылы пайда болғандар
- 1998 жылы таратылғандар