Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Арабшах Мұззаффар (Араб оғлан) — Алтын Орда ханы (1377— 1380), «Ұлы дүрбелең жылдардың» өкілі. Ол Қағанбектің ұлы. Әкесі жағынан Жошы ханның бесінші ұлы Шибанны

Арабшах хан

  • Басты бет
  • Арабшах хан

Арабшах Мұззаффар (Араб оғлан) — Алтын Орда ханы (1377— 1380), «Ұлы дүрбелең жылдардың» өкілі. Ол Қағанбектің ұлы. Әкесі жағынан Жошы ханның бесінші ұлы Шибанның ұрпағы. Оның дүниеге келген дәлме-дәл уақытын анықтау қиыншылық тудырады. Себебі, көнеорыс және өзге деректер мемлекеттік қайраткерлердің есімін белгілі бір оқиғаларға қатысты ғана атап өтетін болған. Ол жайлы мәліметтер 1377 жылдан бастап кездеседі. Сол жыл Руське шабуыл жасаған болатын. Біріккен мәскеу-нижегород әскері ордалықтарға қарсы тұрса да, тас-талқан болып жеңілді. Бұл шайқас тарихта «Пьян қырғыны» деген атпен қалды. Қазіргі тарихшылар орыс жазбаларына сүйеніп Арабшах Мамайға қызмет еткен деп тұжырымдайды. Ал оның жорығын жазалау ретінде қабылдайды. Орыс әскерінің тас-талқан жеңілісінен соң (2 тамыз), Арабшах Нижний Новгородты тонады (5 тамыз). Сол жылы Засурьеге шабуыл жасады. Осыдан кейін оның есімі жылнамаларда кездеспейді. Нумизматикалық деректерге қарағанда Арабшах аз уақытқа Берке Сарайды басып алған. Оның соқтырған тиындары бізге жеткен. Оның билігі Берке Сарайды Тоқтамыс басып алғанға дейін соғысқан.

Арабшах хан
Лауазымы
Алтын Орданың 30-шы ханы
1377 — 1380
Ізашары Қағанбек хан
Ізбасары Тоқтамыс хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Тағы қараңыз

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Миссисипи (штат)

  • Сәуір 06, 2026

    Күршім жотасы

  • Сәуір 07, 2026

    Тайсойған (құм)

  • Сәуір 03, 2026

    Құрылтай жиналысы

  • Сәуір 03, 2026

    Сауд Арабиясы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары