Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Аралық филаменттер — эукариоттардың жасуша қаңқасын құрайтын үш негізгі құрылымың бірі. Өлшемі микрофиламенттерден жуандау және микротүтікшелерден жіңішкелеу бо

Аралық филаменттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Флуоресцентік затпен боялған виментин филаменттері

Аралық филаменттер — эукариоттардың жасуша қаңқасын құрайтын үш негізгі құрылымың бірі. Өлшемі микрофиламенттерден жуандау және микротүтікшелерден жіңішкелеу болғандықтан, атауы аралық филаменттер деп қойылған.

Диаметрі 10 нм болатын ақуыз жіптерінен тұрады. Құрылымы жағынан — димер, яғни екі есулі мономерден құралады.

Аралық филаменттер жасушаның цитоплазмасында орналасады (тек ламиндер ғана ядрода болады). Олар жасушалардың механикалық беріктігін нығайтады, сондай-ақ десмосомдар арқылы жасушалардың бір-бірімен тіркесуін қамтамасыз етеді.

Түрлері

Аралық филаменттерді құрылысындағы ұқсастықтарына қарай 6 түрге бөлуге болады:

Мономер, димер және тетрамер

1-2) қышқылдық және негіздік кератиндер — эпителий ұлпасын және шаш, тырнақ, мүйіздерді қалыптастырады;
3) десмин, периферин, виментин, GFAP ақуыздары;
4) альфа-интернексин, нейрофиламенттер, синемин, синкойлин;
5) ламиндер;
6) филенсин, факинин.

Таксондарда кездесуі

Аралық филаменттер жануарларда, оның ішінде омыртқалыларда, жұмсақденелілерде және кейбір басқа да таксондарда бар. Бірақ буынаяқтылар мен тікентерілілердің жасушаларынан мұндай филаменттер табылмады.

Жоғары