Арыстанбай Айбасұлы (1693, қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз — 1748) — батыр.
Алшын тайпасының Шөмекей руынан.
Жастайынан Әбілқайыр ханмен дос болып өскен. Ханның жауапты тапсырмаларын атқарған. Арыстанбайдың сыртқы жаулармен 1722–1729 жылдары болған соғыстарда атағы шығады. Кіші жүздің (Майтөбеде) Ресейге бодандыққа қол қоюына қатысқан. Әбілқайыр ханмен бірге Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқан 40 сарбаздың ішінде Арыстанбай да бар. Т.Ізтілеуовтің жырында, Ә.Кекілбаевтің “Елең-алаң” романында Арыстанбайдың көркем тұлғасы жасалған.
Шежіре
Арыстанбай – Айбас – Рай – Тыныс – Қожагелді – Келдібай – Бозғұл (Бозғыл) – Шөмекей
- 1693 жылы туғандар
- Ырғыз ауданында туғандар
- 1748 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ батырлары