Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCІ) — түссіз кристалды зат. Ол адамзат тарихындағы ең көне және ең кең таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Ас тұзы тағамның

Ас тұзы

  • Басты бет
  • Ас тұзы

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCІ) — түссіз кристалды зат. Ол адамзат тарихындағы ең көне және ең кең таралған дәмдеуіштердің бірі болып табылады. Ас тұзы тағамның дәмін күшейтіп қана қоймай, оның сапасын сақтау мен қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Ас тұзы

Мазмұны

Өндіріс

Тұздың өндірісі ежелгі заманнан бері пайда болған. Сол кезде тұзды көбінесе теңіз суының булануымен тапты. Тағы да тұзды галит минералынан алады.

Физикалық қасиеттері

  • Балқу температурасы: 801 °С
  • Қайнау температурасы: 1413 °С
  • Тығыздығы: 2,161 г/см3 (200 °С)
  • Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда, құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді.
  • Судағы ерігіштігі: 100г суда ≈ 35.7 г (20 °С), қаныққан ерітіндісі 108.7 °С температурасында қайнайды
  • А. т. табиғатта галит минералы (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты суларының құрамында кездеседі

Биологиялық рөлі

Тұз адам организміне маңызды. Ас тұзындағы хлор иондары адамға тұз қышқылын өндіру үшін керек. Егер адам ас тұзын аз жесе, адам әлсіз және ауру болуы мүмкін. Бірақ ас тұзын көп те жеуге болмайды.

Қолданылуы

  • Тағам өнеркәсібінде — дәмдеушіш ретінде (ас тұзы).
  • Өндірісте — сода (Na₂CO₃), натрий гидроксиді (NaOH), хлор (Cl₂), тұз қышқылы (HCl) өндірісінде шикізат.
  • Медицинада — физиологиялық ерітінді (0,9% NaCl) ретінде денедегі сұйықтықты толықтыру үшін.
  • Жол қауісіздігі — жолдар мен тротуарларда мұзды еріту үшін пайдаланылады (мұзды тікелей ерітпейді, еруін жеңілдетеді. Қар тұзбен әрекеттескенде, оның балқу температурасы төмендетеді).
 
Су-NaCl қоспасының фазалық диаграммасы.

Қызық деректер

  • Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтыралы.
  • Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
  • Тұзды сумен тамақты шаю — тамаққа, тіске пайдалы.
  • Мұрын қабынуы және гаймориттерге 0.9% тұзды сумен шайса өте пайдалы.
  1. Беремжанов Б.А., Химия природных солей, А.-А., 1987.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Шоқан Уәлиханов

  • Сәуір 08, 2026

    Олстер-шотланд тілі

  • Сәуір 06, 2026

    Үбі (өзен)

  • Сәуір 04, 2026

    Ыдырыс Ноғайбаев

  • Сәуір 02, 2026

    Әл-Мутаффифин сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары