Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысымен бекітілген. Тізім Астана қаласы әкімдігінің 27.12.2022 № 508-3859 қаулысымен қолданыста.
| р/с | Ескерткіштің атауы | Ескерткіш суреті | Ескерткіш түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Көпес И.С. Силиннің үйі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 35. |
| 2 | Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй, 1914 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров көшесі, № 57. |
| 3 | Теміржолшылар сарайы, 1954 жыл (қазіргі Жастар театры) | ![]() | қала құрылысы және сәулет | І. Есенберлин көшесі, № 10. |
| 4 | 1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал ғимараты және вокзал маңындағы алаң, 1954 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | 310-дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң. |
| 5 | Константин-Елена шіркеуі, 1854-1900 жылдар | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Республика даңғылы, № 12. |
| 6 | Қалалық басқарма ғимараты, ХІХ ғасырдың соңы | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Желтоқсан көшесі, № 11. |
| 7 | М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (бұрынғы Гимназия, ХІХ ғасырдың соңы). | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Желтоқсан көшесі, № 13. |
| 8 | Көпес Д.В. Егоровтың үйі ХІХ-ХХ ғасырдың басы | ![]() | қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов көшесі, № 5а. |
| 9 | С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражай (Көпес үйі, 1846 жыл) | ![]() | қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов көшесі, № 20. |
| 10 | Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі, ХХ ғасырдың басы | ![]() | қала құрылысы және сәулет | М. Әуезов көшесі, № 20а. |
| 11 | Жасыл мешіттің дуалы, 1895 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 83. |
| 12 | Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы, 1880 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Ә. Жангелдин көшесі, № 40. |
| 13 | Көпес В.М. Кубриннің үйі және жапсаржайы, 1910 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 41. |
| 14 | Астана сауда орталығы (Көпес М.К. Кубриннің сауда үйі, 1905 жыл) | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 37. |
| 15 | П.Г. Моисеевтің үйі, 1914 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Ә. Мәмбетов көшесі, № 40. |
| 16 | "Октябрь" кинотеатрының ғимараты, ХХ ғасырдың басы | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 29. |
| 17 | Пионерлер үйі, ХХ ғасырдың 1960 жылдары | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік көшесі, № 6. |
| 18 | "Есіл" қонақ үйінің ғимараты, 1958-1960 жылдар | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік көшесі, № 8. |
| 19 | Астана қаласы әкімдігінің бұрынғы ғимараты, 1958 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров көшесі, № 60. |
| 20 | Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің ғимараты, 1950 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Т. Бигелдинов көшесі, № 74/1. |
| 21 | Мұсылман жастарына арналған Б. Қосшығұловтың мектебі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Абай даңғылы, № 24. |
| 22 | "Астана" мүсіні, 2002 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Ж. Тәшенов көшесіндегі шағынгүлбақ. |
| 23 | Метеостанция ғимараты, 1914-1916 жылдар | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Жамбыл көшесі, № 11. |
| 24 | "Космос" және "Баспа" мозаикалық паннолар, 1972 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Бейбітшілік көшесі, № 25. |
| 25 | Бұрынғы мұсылман мектебінің екінші ғимараты, ХІХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет | Отырар көшесі, № 1/2. | |
| 26 | Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл | ![]() | қала құрылысы және сәулет | Тәуелсіздік даңғылы, № 57. |
| 27 | Қазақстан Республикасының Бас мешіті, 2022 жыл | қала құрылысы және сәулет | Мәңгілік Ел даңғылы, № 65. | |
| 28 | Сәкен Сейфуллин ескерткіші, 1972 жыл | монументтік өнер құрылысы | Жеңіс даңғылы, № 62. | |
| 29 | Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіші, 1995 жыл | монументтік өнер құрылысы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы, Жеңіс даңғылы. | |
| 30 | "Астана-Бәйтерек" монументалдық құрылысы, 2002 жыл | ![]() | монументтік өнер құрылысы | Нұржол бульвары, № 14. |
| 31 | Кенесары хан ескерткіші, 2001 жыл | монументтік өнер құрылысы | Есіл өзенінің жағалауы. | |
| 32 | А.С. Пушкин ескерткіші, 1999 жыл | монументтік өнер құрылысы | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы. | |
| 33 | С. Сейфуллин ескерткіші, 1994 жыл | монументтік өнер құрылысы | С. Сейфуллин және М. Әуезов көшелерінің қиылысы. | |
| 34 | Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені, 2007 жыл | ![]() | ансамбльдер мен кешендер | Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы. |
| 35 | "Қараөткел" мұсылман зираты, 1609-1962 жылдар | ![]() | киелі нысан | "Жастар" шағын ауданы. |
| 36 | Әзірет Сұлтан мешіті, 2012 жыл | ![]() | киелі нысан | Тәуелсіздік даңғылы, № 48. |
| 37 | "Әбу Насыр әл-Фараби" мешіті, 2005 жыл | ![]() | киелі нысан | Қабанбай батыр даңғылы, № 36. |
| 38 | Бозоқ ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар; Қозыкөш І қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар; Қозыкөш ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар; Қозыкөш ІІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар; Қозыкөш ІV қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар; Қозыкөш V қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар | ![]() | археология ескерткіші | Бұзықты көлінің шығыс жағалауы; Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 км. |

