| Астана әкімі | |
Астана елтаңбасы | |
Лауазымды иеленуші Жеңіс Қасымбек 8 желтоқсан 2022 жылдан бері | |
|---|---|
| Тағайындайды | |
| Лауазым пайда болды | 10 желтоқсан 1997 жыл |
| Алғашқысы | Аманжол Бөлекпаев |
Астана әкімі — Астана қаласы атқарушы билігінің жоғары органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Лауазым Қазақстан елордасының 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген салысымен құрылған. Оның қазіргі иесі — Жеңіс Қасымбек.
Тарихы
1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласына оның "Ақмола" тарихи атауы қайта берілді. Сол жылы қала басшысы болып Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев тағайындалған еді және оның көшбасшылығы тұсында лауазым атауы Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы атауынан Ақмола қаласының әкімі атауына көшті. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан елордасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылғы 6 мамырда президент Назарбаевтың жарлығымен қала атауы Астана етіп ауыстырылды және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Астана әкімі болды.
Билікке жаңа келгенде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы атауының Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне Нұр-Сұлтан болып аталғанын ұсынды.Парламент кейін бұл шешімді қолдады да, қала атауы өзгертілді және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Нұр-Сұлтан әкімі болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте қалаға "Астана" атауы қайтарылды да, қала әкімдігінің басшысы қайта Астана әкімі болды.
Әкімдер тізімі
| Реті | Суреті | Аты-жөні (өмір сүрген жылдары) | Қызметі | Руы | Дереккөз | |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы Ақмола қаласының әкімі | ||||||
| 1 | ![]() | Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев (1941 туған) | 1992 | 1997 | Қыпшақ, Күрлеуіт | |
| 2 | ![]() | Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (1954 туған) | желтоқсан 1997 | 6 мамыр 1998 | Қыпшақ, Қарабалық | |
| Астана қаласының әкімі | ||||||
| 2 | ![]() | Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (1954 туған) | 6 мамыр 1998 | 16 маусым 2003 | Қыпшақ, Қарабалық | |
| 3 | ![]() | Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (1949–2021) | маусым 2003 | наурыз 2004 | ||
| 4 | ![]() | Өмірзақ Естайұлы Шөкеев (1964 туған) | наурыз 2004 | 20 қыркүйек 2006 | Дулат, Сиқым | |
| 5 | ![]() | Асқар Ұзақбайұлы Мамин (1965 туған) | 21 қыркүйек 2006 | 4 сәуір 2008 | Арғын, Қанжығалы | |
| 6 | ![]() | Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (1956 туған) | 4 сәуір 2008 | 21 қазан 2014 | Байұлы, Жаппас | |
| 7 | ![]() | Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (1954 туған) | 22 қазан 2014 | маусым 2016 | Қыпшақ, Қарабалық | |
| 8 | ![]() | Әсет Өрентайұлы Исекешев (1971 туған) | 21 маусым 2016 | қыркүйек 2018 | Арғын, Қаракесек | |
| 9 | ![]() | Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов (1971 туған) | 11 қыркүйек 2018 | 20 наурыз 2019 | Шапырашты | |
| Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | ||||||
| 9 | ![]() | Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов (1971 туған) | 20 наурыз 2019 | 13 маусым 2019 | Шапырашты | |
| 10 | ![]() | Алтай Сейдірұлы Көлгінов (1978 туған) | 13 маусым 2019 | 17 қыркүйек 2022 | Сіргелі, Жайдақ | |
| Астана қаласының әкімі | ||||||
| 10 | ![]() | Алтай Сейдірұлы Көлгінов (1978 туған) | 17 қыркүйек 2022 | 8 желтоқсан 2022 | Сіргелі, Жайдақ | |
| 11 | ![]() | Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек (1975 туған) | 8 желтоқсан 2022 | — | Арғын, Қаракесек, Шұбыртпалы | |
- Астана әкімдері
- Астана

