Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Асхат Тазетдинұлы Ашрапов (15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы - 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайратк

Асхат Ашрапов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Асхат Тазетдинұлы Ашрапов
башқ. Әсхәт Тазетдин улы Ашрапов
Сурет
Ашрапов әйелі Лидия Ашраповамен бірге. Түсірілген жылы белгісіз
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 сәуір 1931 (1931-04-15)

Туған жері

Кияуково, Ишимбай ауданы, Башқортостан, РКФСР

Қайтыс болған күні

19 сәуір 2008 (2008-04-19)(77 жас)

Қайтыс болған жері

Қырым, Украина

Азаматтығы

 Ресей
 КСРО (1931-1991)

Мамандығы

режиссёр, оператор

Белсенді жылдары

1955-1990

Асхат Тазетдинұлы Ашрапов (15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы - 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1958).

Өмірбаяны

  • 1955 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының (А.В. Гальперин мен Э.К. Тиссэнің шеберханасы бойынша) бітірген
  • “Қазақфильмде” жұмыс істеді. Алғашында деректі фильмдер түсіріп, кейін көркем фильмдерге ауысты.

90-шы жылдары "Қазақфильм" киностудиясындағы мансабын аяқтап, әйелі Лидия Ашраповамен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті.

1990 жылы Ашрапов әйелімен бірге "Альянс" кинофирмасын құрды.

Соңғы 17 жылын Ашрапов науқас күйінде Қырымда өткізді.

Түсірген көркем фильмдері

  • "Егер біздің әрқайсысымыз" (1961)
  • “Ана туралы аңыз” (1963, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1966)
  • "Көкжиектен асқан іздер"(1964)
  • “Шыңдағы шынар” (1965)
  • “Артымызда Москва” (1967)
  • “Қыз Жібек” (1970, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1972)
  • “Атаманның ақыры” (1970)
  • “Гауһартас” (1975)
  • “Қан мен тер” (1978)
  • "Алатаудың күміс мүйізі" (1979)
  • “Біз ересекпіз” (1980)
  • “Тоғызыншы ұлдан сақтан” (1983)
  • “Өзіңнен баста” (1985, бейнефильм)
  • “Түркісіб” (1986-87) т.б. белгілі кинотуындыларды түсіруге қатысты.

Түсірген деректі фильмдері

  • “Ас атасы — нан” (1958)
  • “Тыңдағы мал шаруашылығы” (1958)
  • “Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі”
  • “Халықаралық жастар фестивалі” (1959)
  • Медеудегі кездесу” (1976)
  • “Мәжит Бегалин” (1981)
  • “Жетісудің 8-өзені” (1984)
  • “Алатаудың аймүйізі” (1980) сияқты деректі фильмдер түсірген.

Оның түсірген фильмдері операторлық шешімінің сонылығымен, суреткерлік құралдарының молдығымен ерекшеленеді.

Фильмографиясы

Режиссер ретінде

Оператор ретінде

  • 1955 - Ана мен бала
  • 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
  • 1963 - Ана туралы аңыз
  • 1964 - Тұлпардың ізі
  • 1965 - Шыңдағы шынарда
  • 1967 - Ел басына күн туса
  • 1969-1970 - Қыз Жібек
  • 1970 - Атаманның ақыры
  • 1973 - Ақ аруана
  • 1975 - Гауһартас
  • 1976 - Медеудегі кездесулер
  • 1978 - Қан мен тер
  • 1979 - Күміс мүйіз Алатау
  • 1980 - Біз - ересекпіз
  • 1984 - Тоғызыншы ұлдан сақтан
  • 1986 - Түрксіб

Марапаттары

  • Еңбек қызыл Ту ордені
  • Медальдармен марапатталған. .
Жоғары