| Аудан | |
| Атбасы ауданы | |
| Ат-Башы району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Атбасы ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Жер аумағы | 15 354 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 49 238 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 98,9 % |
| Ресми тілі | |
| Телефон коды | +996 03534 |
| Пошта индекстері | 722600 |
| Автомобиль коды | H, N, 05 |
|
| |
Атбасы ауданы (қыр. Ат-Башы району) — Қырғызстан Республикасының Нарын облысындағы аудан. Әкімшілік орталығы — Атбасы ауылы.
Географиясы
Ат-Башы ауданы Нарын облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Нарын облысының Ақ-Тала және Нарын аудандарымен, батысында Ош, шығысында — Ыстықкөл облыстарымен, оңтүстікте — Қытаймен (Қызылсу-Қырғыз АО, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы) шектеседі. Теңіз деңгейінен 2300 метр биікте орналасқан. Аумағы бойынша Қырғызстандағы ең үлкен аудан. Аудан бойымен Ат-Башы өзені ағады, өзеннің алабының көлемі 5540 км² құрайды.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша ауданда 49 238 адам тұралы, соның ішінде қырғыздар - 48 690 адам (98,9%), өзбектер - 256 адам (0,5%), ұйғырлар - 133 адам (0,3 %).
Әкімшілік бөлінуі
Ат-Башы ауданы құрамына 19 айыл мен 11 айылдық округ кіреді:
- Ақ-Жар — Ақ-Жар а.
- Ақ-Мойын — Ақ-Мойын, Бірдік а.
- Ақ-Мұз — Ақ-Мұз а.
- Ақ-Тала — Калинин атындағы а., Терек-Су а.
- Ат-Башы — Ат-Башы а.
- Ача-Қайыңды — Ача-Қайыңды а.
- Баш-Қайыңды — Баш-Қайыңды, Большевик а.
- Қазыбек — Қазыбек, Жаны-Күч а.
- Қара-Қоюн — Қызыл-Ту, Қара-бұлын а.
- Қара-Су — Қара-Су,Дыйқан а.
- Талды-Су — Талды-Су, Өзгерүш, 1 Май а.
- Атбасы ауданы
