Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Аустрия байрағы (нем. Flagge Österreichs) — Аустрия мемлекеттік туы, қызыл, ақ, қызыл түсті көлденең триколор.

Аустрия туы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аустрия туы
сурет
Қабылданған
  • 1230 (ең ескі сақталған қолданысы)
  • 1 мамыр 1945 (ресми қабылдануы)
  • 14 мамыр 2018 (қазіргі нұсқасы)
Қолдануы

Мемлекеттік ту

Пропорция

2:3

Дизайны

Қызыл, ақ пен қызыл түсті көлденең триколор

Қабылданған

28 наурыз 1984

Қолдануы

Мемлекеттік, соғыс уақыты мен әскери-теңіз туы

Пропорция

2:3

Аустрия байрағы (нем. Flagge Österreichs) — Аустрия мемлекеттік туы, қызыл, ақ, қызыл түсті көлденең триколор.

Аустрия туы қазіргі мемлекетте әлі де қолданылатын ең көне ұлттық символдардың бірі делінеді; оның алғаш рет құжатталған қолданылуы 1230 жылы еді. Аустрияның үш түсті туы Бабенберг әулеті елтаңбасынан шыққан болатын. Габсбургтердің қара-сары жалауы сияқты басқа тулардан айырмашылығы, қызыл-ақ-қызыл ту өте ерте кезеңнен бастап билеуші әулетпен немесе монархпен емес, елдің өзімен байланысты болды.

1230 жылдан бері Аустрияның туы болғанымен қатар, ол XVIII–XIX ғасырларда Ломбардия-Венеция корольдігі, Тоскана ұлы герцогтігі мен Модена және Реджо герцогтігі үшін әскери-теңіз мен мемлекеттік туы ретінде де қабылданды. Бұл мемлекеттерді Габсбургтер әулеті немесе оның тармақтары билеген болатын.

Тарихы

Ортасынан ақ көлденең жолағы бар қызыл триколор XII ғасырдың соңында герцог V Леопольдке телінеді. Аңыз бойынша, Қасиетті Жердегі 1191 жылғы Птолемаида шайқасынан кейін оның туникасы қанға малынып, тек белбеуінің астындағы бөлігі ғана ақ күйінде қалды. Аңызға сенсек, Леопольд осы қалқанды король VI Генриге сыйлаған болатын. Қазіргі тарихшылар бұл әңгімені жоққа шығарады; елтаңбаның ең ерте белгілі үлгісі 1230 жылғы герцог II Фридрихтің мөрінен белгілі.

1806 жылы Қасиетті Рим империясы, 1918 жылы Аустрия-Мажарстан империясы ыдырады да, Аустрия өз империялық байрақтарынан айырылып, қазіргі шекараларымен қалды. Жаңа республика қарапайым қызыл–ақ–қызыл туды қабылдады. Бұл ту 1945 жылы, Аустрияның жеті жыл бойы Нацистік Германия құрамына қосылып кеткен кезеңі аяқталған соң, қайтадан ресми түрде енгізілді.

Дизайны

Аустрия заңнамасында тудың түстерінің нақты реңктері көрсетілмеген. Алайда 2018 жылғы 14 мамырда Аустрия Қорғаныс министрлігі ереже шығарып, тудың қызыл түсі Pantone 186 C деп белгіледі; бұл 2000 жылғы 31 қаңтарда қабылданған, қызыл түс Pantone 032 C деп көрсетілген бұрынғы нұсқаулықтың күшін жойды.

SchemePantoneRGBHEX
     Қызыл186 C200, 16, 46#C8102E
     Қызыл032 C237, 41, 57#ED2939
Жоғары