Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікеле

Ауызекі тіл

  • Басты бет
  • Ауызекі тіл

Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Тау жынысы

  • Наурыз 12, 2026

    Адай

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

  • Сәуір 02, 2026

    Жолбарыс хан

  • Сәуір 06, 2026

    Сабақ (биология)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары