Ахмет Шәмиев (11 шілде 1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14 маусым 1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).
| Ахмет Шәмиев | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 11 шілде 1908 |
| Туған жері | қазіргі Жаркент, Алматы облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 14 маусым 1983 (74 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр, әнші |
| Белсенді жылдары | 1957-1981 |
Өмірбаяны
- Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады.
- 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан.
- 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.
Рольдері
- Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж. Асимов пен А. Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула.
- Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді.
- Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ. Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.
Шығарған әндері
2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан
- “Қазақстан”
- “Отан”
- “Колхоз”
- “Гудок”
- “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.
Кинодағы рольдері
1957 жылдан киноға түскен:
- Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”)
- Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958)
- Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961)
- Жүніс ("Қилы кезең", 1966)
- Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.
Құрмет
Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.
Марапаттары
Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.