Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ағатай батыр (туған, өлген жылы белгісіз) — Тәуке ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен бүтіндігін сақтау жолындағы саясатын белсенді қолдаған қайраткер. Алш

Ағатай батыр

  • Басты бет
  • Ағатай батыр

Ағатай батыр (туған, өлген жылы белгісіз) — Тәуке ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен бүтіндігін сақтау жолындағы саясатын белсенді қолдаған қайраткер. Алшын тайпасының Байұлы тармағының Беріш руының Жайық аймағынан шыққан. Тарих беттеріне сүйенсек, XVI ғасырда өмір сүрген. 1836 — 38 жылдардағы отаршылдыққа қарсы Алшын көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының арғы атасы. Сарайшық қаласын жаулау барысында ерлігімен көзге түсіп, кейінен есімі Беріш руының ұранына айналған. Оның саналы ғұмыры Еділ қалмақтарымен соғыста өтті. Ресей бодандығын қабылдаған қалмақтардың Кіші жүзге шабуылы 18 ғасырдың 1-ширегінде күшейе түсті. Ресей билеушілері қалмақ ханы Аюке жасақтарының күшімен қазақ хандығын әлсіретуді көздесе, қалмақтар Ресейге арқа сүйеп, Кіші жүз қазақтарын өзіне тәуелді еткісі келді. Ұзақ жылдар бойы олар Еділдегі қалмақ хандығының жерін шығысқа қарай ұлғайту ниетінен бас тартпады. Түстіктегі Хиуа хандығы да Кіші жүз жерін Ресеймен бөлісер оңтайлы жағдайды күтіп отырған. 18 ғасырдың 1-ширегінде көрші елдердің басқыншылық ниетін жақсы түсінген Тәуке хан Түркістан қаласы маңына 80 мың жасақ ұстады. Осы әскери күштің құрамында Ағатай батырдың 10 мыңға жуық қолы болды. Қанжығалы Бөгенбайдың әкесі Ақша батырдың қол астындағы сегіз қолбасшының бірі болған. Ағатай батырдың Түркебай, Айболат, Қуат, Атабас, Боқай, Жәнібек, Серікпен есімді ұлдары болған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 23, 2026

    Тегіс киттер

  • Сәуір 27, 2026

    Федералист жазбалары

  • Сәуір 07, 2026

    Предгорный ауданы

  • Наурыз 11, 2026

    Тас дәуірі

  • Сәуір 09, 2026

    КСРО елтаңбасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары