| Ақ амур | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Ctenopharyngodon idella (Valenciennes in Cuvier & Valenciennes, 1844) |
Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella) – тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш — Іле су алабында, Сырдария өзенінде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг-нан асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға т.б.) қоректенеді. Амур өзенін және оның салаларын мекендейді. Ақ амур — кәсіптік маңызы бар балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен бірге өсіріледі.
- Тұқылар
