| Бура Ақбантай батыр | |
| Туған күні | 1691 |
|---|---|
| Туған жері | Шығыс Қазақстан, Семей |
| Қайтыс болған күні | 1780 |
| Мемлекет | |
| Әскер түрі | атты әскерлер |
| Атағы | Батыр, қолбасшысы |
| Шайқасы | Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқас |
Ақбантай батыр, Бура Найман Ақбантай батыр (1691-1780) — қазақ-қалмақ соғысына қатысқан аға батыр. "Ер Қабанбай" жырының бірнеше нұсқасында Қабанбай батырдың жақын досы ретінде аталады.
Шыққан тегі Найман тайпасының Бура руынан, сол Бураның ұранынан айналған. Хан жарлығы жетісімен Бура руынан жиналған 10 мың жасақпен қалмаққа қарсы өз бетінше жорыққа аттана беретін болған. Ақбантайды халық көзсіз ер, аңғал, салқам батыр бейнесінде есте қалдырған.
Әбілмәмбет, Абылай хандармен, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге 1743 — 50 ж. болған Шорға, Қандысу, Айдынсу, Алқабек, Білезік шайқастарына қатысқан.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1691 жылы туғандар
- 1780 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ батырлары