Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды ме

Ақбас тырна

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ақбас тырна


Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тырнатәрізділер
Тұқымдасы: Gruidae
Тегі: Anthropoides
Екі-есімді атауы
Anthropoides virgo
(Карл Линней, 1758)
[originally Ardea]
Синонимдері
  • Ardea virgo Linnaeus, 1758
  • Grus ornata Brehm, CL, 1855

Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатының ұзындығы 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. Мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солт.-шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Пәкістан, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. Бірақ 1970 – 1980 жылы саны қайтадан көбейе бастады. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Суреттер

Жоғары