Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұлы жүз Дулат руының Шымыр атасынан. Атасы Мәмбет батыр Абылай ханмен дос болған. Әкесі Байзақ датқа Кенесарыны қолдаған. Өзі бас батыр атанған. Әкесі екеуі де

Ақмолда Байзақұлы

  • Басты бет
  • Ақмолда Байзақұлы

Ақмолда Байзақұлы (1824 - 1873) — батыр, би.

Әулиеата (Тараз) өңірі қазақтарының Қоқан хандығына қарсы азаттық көтерілісі басшыларының бірі.

Ұлы жүз Дулат руының Шымыр атасынан. Атасы Мәмбет батыр Абылай ханмен дос болған. Әкесі Байзақ датқа Кенесарыны қолдаған. Өзі бас батыр атанған. Әкесі екеуі де Қоқан езгісіне қарсы ауық-ауық көтеріліс ұйымдастырып отырған. 1858 ж. Ташкент бегі Мырзахмед басқарған алым-салық жинаушыларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың көтерілісінен кейін (1864 ж.) 75 жастағы Байзақ датқа тұтқынға алынады, Ақмолда өзіне қарасты елді Шымкент маңына көшіріп кел деген парманашы Нұрмұхамедтің талабын орындаудан бас тартқан. Верныйға келіп полковник Черняевпен байланыс жасайды. 1864 ж. маусымда өз сарбаздарымен Әулиеатадағы орыс армиясына қосылып, Шымкентті қоқандықтардан азат ету соғысына қатысты.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

  • Шілде 05, 2026

    Еріндік дыбыстар

  • Наурыз 25, 2026

    Жасанды интеллект

  • Шілде 06, 2026

    Салем (Орегон)

  • Наурыз 12, 2026

    Жылқы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары