Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ежелгі наным -сенім бойынша Аққу құс атаулының ішіндегі ең киелісі, сұлулық пен әсемдіктің символы деп есептеледі. Сондықтан да аңшыларға Аққуды атуға тыйым сал

Аққу күйі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Аққу (айрық) деген бетті қараңыз.

Аққу күйі — халық күйі. Күйді тартушы С. Әлімбеков. Нотаға түсіруші М. Айтқалиев.

Күйдің шығу туралы аңыз

Ежелгі наным -сенім бойынша Аққу құс атаулының ішіндегі ең киелісі, сұлулық пен әсемдіктің символы деп есептеледі. Сондықтан да аңшыларға Аққуды атуға тыйым салынған. Қазақтың көне аспабы қобыздың да Аққу құсқа ұқсайтыны туралы аңыздар сақталған. Аққу күйлерінің сыбызғыда, қобызда, домбырада тартылатын бірнеше нұсқалары кездеседі. Олардың кейбіреулерінің әдемі аңыздары да бар. Осы Аққу күйінде ертедегі жыраудың Аққу құс туралы бір әдемі жыр-толғау айтып отырғаны баяндалған.

Қолданылған әдебиет

  • Қазақ музыкасы кітабы, 2005 жыл - 485 бет
Жоғары