| Базар өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 182 км |
| Су алабының ауданы | 15,2 мың км² |
| Су алабы | Ертіс алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Батыс Тарбағатай баурайындағы бұлақтар |
| Сағасы | Зайсан |
| • Координаттары | 48°06′12″ с. е. 83°09′52″ ш. б. / 48.10333° с. е. 83.16444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°06′12″ с. е. 83°09′52″ ш. б. / 48.10333° с. е. 83.16444° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы |
Базар – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы арқылы өтеді. Ұзындығы 182 км, су жиналатын алабының ауданы 15,2 мың км2.
Бастауы
Батыс Тарбағатай баурайындағы бұлақтардан бастау алып, Зайсан көліне құяды.
Гидрологиясы
Салалары: Талдыбазар, Құлынбұлақ, Ахметбұлақ, Қарабұқа. Көктемде қар және жаңбыр суымен толығады. Базар алабы тұсындағы жылдық орташа ағыны 2,52 м3/с. Суы тұщы, егін мен шабындық суғаруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Тарбағатай ауданы өзендері
- Ертіс су алабы