Байсейіт Төлесұлы (туған-өлген жылы белгісіз) батыр.
Дулат тайпасының Жаныс руынан. 17-18 ғасырларда жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысып ерлігімен көзге түскен. Іле бойында, Нұр, Сөгеті өңіріндегі Хангелді, Райымбек, Биеке батырлар басқарған шайқастарда жүзбасы болған. Тегі Албан руындағы Сүйерқұл атасынан шыққан. Батырға Райымбек ауданындағы Жамбыл ауылында ескерткіш қойылды.
Санаттар:
- Туған жылы белгісіздер
- Қайтыс болған жылы белгісіздер
- Қазақ батырлары