Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бань Гу (қытайша - 班固), лақап аты Мэнцзянь (қытайша - 孟堅) (32 ж.- 92ж.)- Қытай тарихшысы және әдебиетшісі.

Бань Гу

  • Басты бет
  • Бань Гу

Бань Гу (қытайша - 班固), лақап аты Мэнцзянь (қытайша - 孟堅) (32 ж.- 92ж.)- Қытай тарихшысы және әдебиетшісі.

Бань Гу

Аньлин қаласында (Шэньси провинциясы) туған. Хань империясында көрнекті қызметтер атқарған текті тұқымнан шықты. 47 ж. Лоян қаласындағы жоғары училищеге түсті. 58 ж. әкесі Бань Бяо жаза бастаған "Ертедегі Хань әулетінің тарихын" аяқтауға кірісіп, 82 ж. бітірді (оның екі бөлімін қарындасы Бань Чжао жазған). Бұл кітапта ежелгі Қытай мен Орта Азияның халықтарының тарихы, мәдениеті, экономикасы ххақында әрқилы мағлұматтар берілген. Бань Гу император Мин-дидің тапсыруымен бірнеше тарихи еңбек жазды. Көркем әдебиетте фулердің (дастандардың) авторы ретінде танылды; солардың ішіндегі "Екі астана туралы одасымен" даңққа бөленді. Өзі осы жанрдың теоретигі болды. 92 ж. Хань империясының қолбасшысы Доу Сянмен бірге ғұндарға қарсы жорыққа қатысты. Жорық сәтсіз аяқталғаннан кейін, түрмеге отырғызылып, сонда қайтыс болды .

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Тынық мұхит

  • Сәуір 03, 2026

    Аза малы

  • Наурыз 11, 2026

    Қимақ қағанаты

  • Наурыз 23, 2026

    Андронов мәдениеті

  • Сәуір 02, 2026

    Латын тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары