Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 6 км жерде, Шайтанкөлдің маңында, жартасты шың басында (1200 м абс.), қарағайлы орман арасындағы ұзынша

Бассейн (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бассейн
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі1200 м
Өлшемі0,06 × 0,04 км
Ауданы60 км²
Орташа тереңдігі2 м
Орналасуы
49°25′12″ с. е. 75°24′50″ ш. б. / 49.420250° с. е. 75.414111° ш. б. / 49.420250; 75.414111 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°25′12″ с. е. 75°24′50″ ш. б. / 49.420250° с. е. 75.414111° ш. б. / 49.420250; 75.414111 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АуданҚарқаралы ауданы
Бассейн
Бассейн (көл) (Қарағанды облысы)
Бассейн

Бассейн көліҚарқаралы тауындағы көрікті шағын көл.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 6 км жерде, Шайтанкөлдің маңында, жартасты шың басында (1200 м абс.), қарағайлы орман арасындағы ұзынша шұңқырда орналасқан. Пішіні мен аумағы жүзу бассейніне ұқсас болғандықтан осылай аталған.

Гидрографикасы

Ұзындығы 60 м, ені 40 м, орташа тереңдігі 2 м. Граниттен тұратын оңтүстік жағасы – биік тік жартас, ол жазда көлге көлеңке түсіріп, суын буланудан сақтайды. Батыс, солтүстік жағалары аласа. Шығыс жағасы ашық, жайпақ, ол арқылы көлдің артық суы ағып кетіп отырады да су деңгейі бір қалыпта сақталады. Қар және жаңбыр суларымен толысады, суы мөлдір, тұщы. Көлге демалушылар мен туристер жиі келеді.

Жоғары