Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Батыр қонтайшы, Эрдени Батур хунтайджи (туған жылы белгісіз - 1653) - Жоңғар хандығының негізін қалаушы, оның алғашқы билеушісі.

Батыр қонтайшы

  • Басты бет
  • Батыр қонтайшы

Батыр қонтайшы, Эрдени Батур хунтайджи (туған жылы белгісіз - 1653) - Жоңғар хандығының негізін қалаушы, оның алғашқы билеушісі.


Әкесі Қарақұланың (Хара-Хула) саясатын жалғастырып, өзіне бағынғысы келмеген ойрат ақсүйектерінің қарсылығын басуға көп күш салды. Билік үшін күресте жеңіліске ұшыраған Гуши хан 1635 жылы Жоңғариядан Кукнорға кеткен соң, ойрат тайпаларына жалғыз өзі билік жүргізді. Ол осы жылы Қазақ хандығына шапқыншылық ұйымдастырып, бейбіт жатқан қазақ ауылдарын қасіретке ұшыратты. Жәңгір ханды тұтқынға түсірді. Ресейге бірнеше рет елші жіберіп, онымен астыртын тіл табысуға тырысты. Сөйтіп, жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысының тұтануына түрткі болды. 1640 жылы қыркүйекте маньчжур шапқыншылығына тойтарыс беру, шашыраңқы ойрат қалмақтарының басын қосу және көшпелі өмірге негізделген заң ережелерін қабылдау мақсатында құрылтай жиынын өткізді. 1643 жылы 50 мың әскермен Жетісуға басып кірді. Бірақ Орбұлақ шайқасында (кейбір деректер бойынша, Қарқара асуы маңындағы шайқаста) саны аз қазақ жасақтарынан жеңіліс тапты. 1647 жылы Батыр қонтайшы мен Жәңгір хан уақытша бейбіт келісім жасасты.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Шаршы метр

  • Сәуір 04, 2026

    Қызыл теңіз

  • Наурыз 23, 2026

    Гемоглобин

  • Сәуір 04, 2026

    Ұйғыр қағанаты

  • Наурыз 22, 2026

    Тропосфера

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары