Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Батыс аймақ, Батыс бөлік – Кіші жүзде хандық жойылғаннан кейін (1824) енгізілген өкімшілік басқару жүйесінің бір бөлігі.

Батыс аймақ

  • Басты бет
  • Батыс аймақ

Батыс аймақ, Батыс бөлік – Кіші жүзде хандық жойылғаннан кейін (1824) енгізілген өкімшілік басқару жүйесінің бір бөлігі.

Жартылай автономды аймақ
Кіші жүздің батыс бөлігі
Әкімшілігі
Билеуші-сұлтан

Алғашқы:Қаратай сұлтан
Соңғы:Әлмұхамед сұлтан

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1824

Таратылған уақыты

1 қаңтар 1869

Мирасқорлық
← Кіші жүз
Орал облысы →

Патша үкіметі 19 ғ-дың 1-ширегінде дәстүрлі хандық билікті біржолата жойып, Кіші жүзді Шығыс , Орталық және Батыс бөліктерге бөлді. Батыс аймақ Елек, Темір өзендері мен Арал теңізінің батыс жағын, Гурьевтен (қазіргі Атырау) Каспий теңізіне дейін, ал оңтүстікте түрікмен елі мен Хиуа хандығының шекарасына дейін кең аймақты қамтыды. Бұл жерлерді негізінен Кіші жүз құрамындағы Байулына кіретін рулар мекендейтін. Кейін (1831) Кіші жүзді басқарудың сатылық жүйесі енгізілгенде, Батыс бөлік 8 сатыға бөлінді.

Сұлтан-билеушілер:

1 Қаратай Нуралыұлы (1824-1826)

2 Шыңғали Орманұлы(1826-1830)

3 Баймұхамед Айшуақұлы(1830-1847)

4 Мұхаметқали Тәукеұлы(1847-1865)

5 Әлмұхаммед Сейдалин(1866-1869)

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Бөрілітөбе (ауыл)

  • Сәуір 12, 2026

    Пресногорьков ауданы

  • Сәуір 08, 2026

    Ораз Жандосов

  • Мамыр 25, 2026

    Хальмахера (арал)

  • Сәуір 15, 2026

    Қарақия ойысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары