| Башар әл-Асад араб.: بشار الأسد | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Асад, 2024 жыл | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Лауазымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
| 17 шілде 2000 — 8 желтоқсан 2024 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Вице-президент | Тізім
| |||||||||||||||||||||||||||||||
| Премьер-Министр | Тізім
| |||||||||||||||||||||||||||||||
| Ізашары | Хафиз әл-Асад Әбділ Халим Хаддам (м.а.) | |||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
| 24 маусым 2000 — 8 желтоқсан 2024 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Ізашары | Хафиз әл-Асад | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Ізбасары | Ибраһим әл-Һәдид (м.а.) | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Өмірбаяны | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Партиясы | Сириялық Баас | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Білімі | Дамаск университеті | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Дүниеге келуі | 11 қыркүйек 1965 (60 жас) Дамаск, Сирия Араб Республикасы | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Әкесі | Хафиз әл-Асад | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Анасы | Аниса Махлуф | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Жұбайы | Асма әл-Асад (үйл. 2000) | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Балалары | 3 | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Әскери қызметі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қызмет еткен жылдары | 1988–2024 | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Құрамында болды | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Әскер түрі | Сирия республикалық гвардиясы (2000 жылға дейін) | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Атағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Басқарды | Сирия Араб қарулы күштері | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Шайқасы | Сирия азаматтық соғысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Қолтаңбасы | ![]() | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Марапаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
| Башар әл-Асад Ортаққорда | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| өңдеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Башар әл-Асад (араб.: بشار الأسد, 11 қыркүйек 1965 жыл, Дамаск) — сириялық мемлекеттік және әскери қайраткер, 2000 жылдан 2024 жылға дейін қызметте болған Баастық Сирияның президенті. Президент ретінде ол Сирия Араб қарулы күштеріне Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде және Баас партиясының сириялық филиалына Бас хатшы ретінде төрағалық етті. Асад — 1971 жылдан 2000 жылғы өліміне дейін қызмет еткен президент Хафиз әл-Асадтың ұл баласы.
2024 жылғы желтоқсандағы көтеріліс нәтижесінде Башар әл-Асадтың 24 жылға созылған тоталитарлы диктатурасы өз аяғын көрді. 8 желтоқсан таңда көтерілісшілер Дамаскіге басып кірді де, Асад өкілеттігін аяқтап, Ресейден саяси баспана алып, Мәскеуге жер аударуға мәжбүр болды.
Ерте жылдары
Башар әл-Асад 1965 жылғы 11 қыркүйекте Дамаскіде дүниеге келді. Әкесі — Сирия президенті Хафиз әл-Асад пен Аниса Махлуф. Туған ағасы — Бәзіл әл-Асад, інісі — Махер әл-Асад және қарындасы — Бушра әл-Асад. Хафиз бен Аниса Асадтардың тұңғыш баласы Бушра есімді қыз еді, ол нәрестелігі кезінде қайтыс болған. Башар өте тыныш бала еді және бастапқыда саясатқа да, әскерге де қызықпай жүрген.
Білімі
Башар әл-Асад Дамаск университетінде медицина оқыды, оқуын 1988 жылы аяқтады. Ол кейін әскери мектепте офтальмология оқыды да, 1992 жылы Лондондағы Western Eye Hospital ауруханасында тағы оқу алды.
Әкесі Хафиз бастапқыда ізбасары ретінде Асадтың туған ағасы Бәзіл әл-Асадты таңдаған еді. Алайда 1994 жылы Бәзіл жол апатында қаза тапты да, Асад Сирияға оралды.
Оралғанында оған президент болуға дайындық берілген делінсе де бұл тұжырымдардан Асад бас тартады.
Ерте мансабы
Хомстағы әскери академияға баратын, бес-ақ жыл ішінде полковник болып, президент әкесінің кеңесшісі бола тұрды.
Президенттігі
Башар әкесінің өлімінен кейін үкімет ел конституциясын өзгертті. Сирия заңы бойынша президенттің 40 жастан үлкен болғаны шарт еді. Заңның өзгертілгенінен кейін 35 жасар Асад 2000 жылғы маусымда президент болып сайлана алды. Ол, оған қоса, Сирия Араб қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы және Сирияға 1961 жылдан бері басшылық еткен Баас партиясы сириялық филиалының бас хатшысы болып тағайындалды.
Сирия азаматтық соғысы
2011 жылғы қаңтарда ірі наразылық шаралары орын алды. Наразылар саяси реформаның орнауын, 1963 жылдан бері бар әскери жағдайдың аяқталуын және азаматтық құқықтың оралуын талап етті. Наурызда болған наразылық шаралары басқа шаралардан ең ірісі болды, үкімет наразыларға қарсы қару қолданды.
2011 жылғы сәуірде Америка Құрама Штаттары Асад үкіметіне қарсы санкция орнатты. 2011 жылғы мамырда Канада мен Еуропа одағы да санкция салды.
2011 жылғы маусымда әл-Асад реформа жасаймын, парламент сайлануын өткіземін деп уәде берді. Ол, оған қоса, босқындардың елге оралуын талап етті.
2012 жылғы қаңтарда Reuters Сириядағы 5000 азамат пен наразылардың Сирия армиясы қолынан қаза тапқанын және лаңкестердің 1100 адам өлтіргенін хабарлады.
2012 жылғы қаңтарда Асад жолдауында наразылық шараларының шетел мемлекеттері тарапынан жасалғанын айтты. Ол наурыз айында референдумның өтетінін мүмкін деді.
2012 жылғы ақпанда елде референдум өтті. Референдум президенттің болашақ мерзімдерін өзгертпек болды. Оны ресми дерек бойынша халықтың 90% қолдады, алайда АҚШ пен Түркия бұл нәтижені мойындамады. Еуропа одағы үкіметке қарсы тағы санкция орнатты.
2012 жылғы маусымда Қызыл крест халықаралық комитеті Сирияның азаматтық соғыста болғанын жариялады. Екі жақтағы да қаза тапқандар саны 20 000 адамға жетті.
2014 және 2015 жылдары нусайрилер арасындағы Асад үкіметін қолдау төмендеді. Бұл қаза тапқандар арасындағы нусайрилердің үлкен мөлшерінен орын алған.
2015 жылғы қыркүйекте Сирия азаматтық соғысына Ресей араласты. Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің мақсаты деп «Сирияның тұрақтануы мен саяси мәміленің орнауын» атады. 2015 жылғы қарашада Асад Ресейдің екі айда жасағаны АҚШ коалициясының бір жылда жасағанынан нәтижелірек болды деді.

2016 жылғы желтоқсанда үкімет күштері көтерілісшілерден Алеппоның көбісін қайтарып алды.
Дональд Трамптың президент сайлануынан кейін АҚШ Асадтың биліктен кетуін қаламай қалды.Хан-Шейхундағы химиялық шабуылдан кейін бұл өзгерді. Асад бұл химиялық шабуылдың орын алғанын мойындамады.
Биліктен қуылуы
2024 жылғы 4 желтоқсанда Хама провинциясында Сирия армиясы исламшыл көтерілісшілермен тағы бір қақтығысқа түсті. Осы жолы оппозиция Хама қаласына жол алмақ болды. Үкімет күштері қаладан шамамен 9600 километр қашықтықтағы Хайят Тахрир аш-Шамды (HTS) қоса алғанда, көтерілісшілер топтарын кері ығыстырдық деп мәлімдеді. Алайда, күшейтілген қорғанысқа қарамастан көтерілісшілер қаланы 5 желтоқсанда басып алды. Шайқастар себебінен шамамен 50 000 адам үйінен кетуге мәжбүр болды, 600 шақты адам көз жұмды. 2024 жылғы 7 желтоқсанда Асад ел астанасы Дамаскіден қашты. Көп ұзамай Асадтың Мәскеуде саяси баспана алғаны хабарланды.
Өз өмірі
Башар әл-Асад Асма әл-Асадқа (туғанында әл-Ахрас) үйленген. Олардың үш баласы бар: Хафиз, Зейн және Кәрім әл-Асадтар.
- 11 қыркүйекте туғандар
- 1965 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Дамаскде туғандар
- Омейядтар орденінің иегерлері
- 1 дәрежелі сириялық Қызмет орденінің иегерлері
- Арнайы сыныпты сириялық Әскери қызмет орденінің иегерлері
- 2 дәрежелі сириялық Қызмет орденінің иегерлері
- 1 дәрежелі сириялық Батылдық үшін орденінің иегерлері
- 3 дәрежелі сириялық Қызмет орденінің иегерлері
- Арнайы дәрежелі Адалдық орденінің иегерлері
- 1 дәрежелі Адалдық орденінің иегерлері
- 2 дәрежелі Адалдық орденінің иегерлері
- 3 дәрежелі Адалдық орденінің иегерлері
- Үлгілі қызмет үшін сириялық медалінің иегерлері
- Дайындық үшін сириялық медалінің иегерлері
- 8 наурыз медалінің иегерлері
- Құрмет легионы ордені үлкен крестінің иегерлері
- Италия Республикасы алдындағы қызметі үшін ордені тізбегіндегі үлкен крестінің иегерлері
- 1 дәрежелі Кінәз Дана Ярослав орденінің иегерлері
- Финляндия Ақ раушан ордені үлкен крестінің иегерлері
- I Франциск ордені үлкен крестінің иегерлері
- Әулие Георгий константиндік ордені үлкен крестінің иегерлері
- Король Әбд әл-Ғазиз ордені шынжырының иегерлері
- Зәйд орденінің иегерлері
- 1 дәрежелі Ислам республикасы орденінің иегерлері
- Кедір ұлттық ордені үлкен таспасының иегерлері
- Оңтүстік Крест ордені тізбегінің иегерлері
- Азаткер ордені үлкен тізбегінің иегерлері
- Достық орденінің (Ресей) иегерлері
- Уацамонга орденінің иегерлері
- 1 дәрежелі Абырой және даңқ орденінің иегерлері
- Асад отбасы
- Дамаск университеті түлектері
- Сирия саясаткерлері
- Сирия әскерилері
- Сирия медиктері
- Сирия жазушылары
- Сирия боксшылары
- Сирия президенттері
- Баас
- Баас партиясы Сирия филиалы аймақтық басшылығының мүшелері
- Тоталитаризм
- Сирия азаматтық соғысының қатысушылары
- Холокостты мойындамайтындар
- Жер аударған саясаткерлер