| Баян Мақсатқызы Алагөзова | |
| |
| Туған күні | 9 қаңтар 1974 (52 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Орал, Қазақ КСР, КСРО |
| Қызметі | актриса, әнші, продюсер, тележүргізуші |
| Білімі | Қазақ мемлекеттік университеті |
| Әкесі | Мақсат Мұхитденов |
| Анасы | Гүлжамал Мұхитденова |
| Жұбайы | Бақытбек Есентаев (үйл. 1994; аж. 2016)Тұрсынғали Алагөзов (үйл. 2017) |
| Балалары | қыздары 1-некеден |
Ортаққордағы Баян Мақсатқызы Алагөзова | |
Баян Мақсатқызы Алагөзова (туған кездегі тегі — Мұхитденова, бірінші некесінде — Есентаева; 9 қаңтар 1974, Орал) — қазақстандық белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2025). «Shine Production» және «BM Production» компанияларының негізін қалаушы.
Өмірбаяны
Отбасы
Баян Мақсатқызы 1974 жылы 9 қаңтарда Орал қаласында Мақсатн Мұхитдинов пен Гүлжамал Мұхитдинованың отбасында дүниеге келген. Кіші жүздің Байұлы Масқар руынан шыққан.
Әкесі Мақсат Зайлагиұлы — дыбыс режиссері, ал анасы Гүлжамал Айдарқызы Мұхитденова — актриса. Олар Алматы қаласында жұмыс істеп тұратын. Баян ата-әжесінің қолында Оралда тұратын. Атасы Орал филармониясының директоры.
7 жасына дейін Оралда ата-әжесінің тәрбиесінде болып, кейін Алматыға қоныс аударған. Алғашқы білімін педагогикалық училищеде алғанымен, кейін Т. Жүргенов атындағы Театр институтына ауысып, оны тәмамдаған. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика факультетін бітірген.
Анасы актриса болған, сондықтан Баянды педагогика факультетіне оқуға түсіреді. Бірақ Баян жасырын кино факультетіне ауысып алады.
- Бауырлары: Әпкесі — Бәтес (әнші Аша Матайдың анасы), сіңлісі — Бағым Мұхитденова (музыкалық продюсер).
Білімі
- Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті
Шығармашылығы
Продюсерлік жобалары
Кино және Телевизия
1993 жылы Талғат Теменовтың «Махаббат бекеті» (Станция любви) фильміндегі Гүлнәз рөлімен танымал болды. Одан кейін 6 жыл бойы жаңалықтар қызметінде тілші болып жұмыс істеді.
- 2001 жылы «Таң» телеарнасында өзінің алғашқы «Сары салон» авторлық бағдарламасын шығарды.
- 2004–2008 жылдары «НТК» арнасындағы «На шпильке» бағдарламасы арқылы халыққа кеңінен танылды.
- «Екі жұлдыз», «Саз әлемі» жобаларын жүргізді.
Продюсерлік қызмет
2006 жылы Бағым Мұхитденовамен бірге «КешYOU» тобын құрды. Топ құрамында әр жылдары Мөлдiр Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева секілді жұлдыздар өнер көрсетті. 2024 жылы топ Snoop Dogg-пен бірге «Forever Sunday» атты бірлескен туынды шығарды.
Продюсерлік жобалары:
- Топтар: «КешYOU», «Borte», «Ayari», «Іңкәр», «Lashyn».
- Кино: «Ғашық жүрек» (2 бөлім), «Тракторшының махаббаты», «Абайлаңыз, сиыр!», «Бақыт» (2022 жылғы Берлин кинофестивалінің көрермендер көзайымы жүлдесінің иегері).
- Конкурстар: «Қазақ аруы» ұлттық сұлулық байқауы.
Қоғамдық қызметі
Баян Алагөзова әйелдер құқығын қорғау мәселелеріне белсенді араласады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған «Клара» оңалту орталығын ашты. Орталық Тұрсынғали Алагөзовтің анасының құрметіне аталған.
Марапаттары
- «Құрмет» орденінің иегері
Жеке өмірі
- Бірінші некесі: 1994 жылы Бақытбек Есентаевпен тұрмыс құрды. Бұл некеден екі қызы бар: Айсәуле және Айару. 2016 жылы болған отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасты.
- Екінші некесі: 2017 жылы кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовпен некесін қиды. 2024 жылы жұптың Алиса және Алма есімді екі қызы дүниеге келді.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 9 қаңтарда туғандар
- 1974 жылы туғандар
- Оралда туғандар
- Алфавит бойынша актрисалар
- Қазақстан актрисалары
- Алфавит бойынша әншілер
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан тележүргізушілері
- Қазақстан киноактрисалары
