Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Байтасов Баһадүрбек (23. 2.1921, Түркістан облысы Түркістан қалалық әкімшілік Ұйық ауылы—7.7.1995, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1972).

Баһадүрбек Байтасов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Байтасов Баһадүрбек (23. 2.1921, Түркістан облысы Түркістан қалалық әкімшілік Ұйық ауылы—7.7.1995, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1972).

Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан.

Ленинград әскери-шекара училищесін (1948), КСРО ІІМ-нің әскери институтын (1954) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып (1942—1945), зеңбірекшілер тобының командирі болған. 1946—1950 жылдары Тәжік шекара округінің Термез шекара отрядында кіші офицер, 1954 — 1960 жылдары Қырғызстандағы шекара отрядында аға офицер, штаб бастығының орынбасары, 1960—1962 жылдары Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы, 1962 — 1968 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан шекара отрядының бастығы, 1968—1971 жылдары Шығыс шекара округі штаб бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1971 — 1987 жылдары Республика ДОСААФ ОК-нің төрағасы болды. Байтасов халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген. ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды (1994 — 1995). Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Жоғары