Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бенедикт Тимоти Карлтон Камбербэтч (ағылш. Benedict Timothy Carlton Cumberbatch; 19 шілде 1976, Лондон, Ұлыбритания) — британ театр, кино және телекөрініс актер

Бенедикт Камбербэтч

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бенедикт Камбербэтч
Benedict Cumberbatch
Сурет
Шерлок Холмс рөліндегі Бенедикт Камбербэтч
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Бенедикт Тимоти Карлтон Камбербэтч

Туған күні

19 шілде 1976 (1976-07-19)(50 жас)

Туған жері

Лондон, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

1999—қазіргі күн

IMDb

ID 1212722

Бенедикт Тимоти Карлтон Камбербэтч (ағылш. Benedict Timothy Carlton Cumberbatch; 19 шілде 1976, Лондон, Ұлыбритания) — британ театр, кино және телекөрініс актері. Бірнеше рөлдерімен танымал, солардың ішінде: BBC медиакорпорациясының «Хокинг» фильміндегі (2004) Стивен Хокинг , «Таңқаларлық жеңілдік» (2006) тарихи фильміндегі Уильям Пит, «Соңғы жау» (2008) мини-сериалындағы Стивен Эзард, «Сатқын» фильміндегі (2007) Пол Маршалл, «Кішкентай арал» (2009) Пол Маршалл және BBC-дің төл туындысы - «Шерлок» телехикаясындағы (2010-2014) Шерлок Холмс , «Стартрек: Көтеріліс» фантастикалық фильміндегі Хан Нуньен Сингх, «Бесінші билік» (2013) биографиялық триллеріндегі журналист Джулиан Ассанж, «Ұқсату ойыны» (2014) тарихи драмасындағы математик Алан Тьюринг рөлдері.

Өмірбаяны

Жастық шағы және білім жолы

Әкесі - әртіс Тимоти Карлтон (шын есімі Тимоти Карлтон Камбербэтч) және анасы - әртіс Ванда Вентхам. Камбербэтч Батыс Сассекстегі Брамблтай мектебінде оқуын бастап, кейін алғаш сахнаға шыққан Лондонның солтүстік-батыс бөлігіндегі Хэрроу мектебінде жалғастырды. Мектеп табалдырығын аттаған соң бір жыл бойы тибет шіркеуінде ағылшын пәнінен дәріс берді де, кейін Манчестер университетінде театр өнеріне үйренді. Оқу орнын бітірген соң театрлық өнерін музыка және драмалық өнер бағытындағы Лондон академиясында шыңдаған болатын.

Мансабы

Театр

«Алмейда», «Ройал-Корт» және ұлттық театрде 2001 жылдан бастап Камбербэтч бас рөлдерді сомдай бастады. Және 2005 жылы 19 мамыр күні Герцог Йоркск театрі, 2005 жылы 16 наурыз күні «Алмейда» театрінде көрсетілген «Гедде Габлердегі» Тесман рөлін жоғары дәрежеде сомдағаны үшін Лауренс Оливье марапатына иеленді. Сонымен қатар ол көптеген жұлдыздар қатысқан «Олд Вик» Лондон театрінде өткізілген «Балалар монологында» белсенділік көрсетті. Бағдарламаның режиссері Дэнни Бойл болып табылады, ал бағдарламаға қатысушылар тізіміне Джемма Артертон және Сэмюэл Уэст кіреді. 2011 жылдың ақпан айында Мэри Шеллидің «Франкенштейн» шығармасының спектакль премьерасы өтті. Дэнни Бойлдың ойластыруымен Камбербэтч серігімен бірге — Джонни Ли Миллермен кезектесіп Виктор Франкенштейн рөлін сомдаған болатын. Спектакльде атқарған жұмысы ушін әртіс Лоуренс Оливье және Evening Standard марапаттарына иеленеді.

Телекөрініс

Камбербэтчтің тележобалардағы жұмыстары «Жүрек соққысы» (2000, 2004) сериалында, ITV «Қырық жастан асты» (2003) комедиялық сериалындағы рөлдерінде көрініс табады.

2004 жылы «Хокинг» фильмінде Стивен Хокинг рөлін сомдағаны үшін Камбербэтч BAFTA TV Awards премиясына иеленіп, фильмдерде көрсеткен әртістік шеберлігі үшін «Алтын нимфамен» марапатталады.

2005 жылы Уильям Голдинг трилогиясымен «Жер жүзіне саяхат» атты шағын сериалында Эдмунд Тэлбот - басты рөлін сомдайды. Режиссёр Дэвид Аттвудтың айтуы бойынша олар Бенедикт Камбербэтчті аз уақыт аралығында тапқан екен. «Бізге жас әрі жағымсыз, аристократ рөлін сенімді ойнай алатын жақсы әртіс керек болды. Алайда ол кадрда төрт жарым сағат өзін ұстай алатын және уақытпен жұмыс жасай алатын адам болуы қажет. Және Бенедикт бұл сұрақтардың барлығының жауабы еді». «Бенедикт бізге күнде керек болды, қиын сәттерде өз жұмысын тоқтатпады, қарсылықтарын білдірмелі. Ол жай ғана Эдмунд Тэлботқа айналды. Және бұл қасиет түсірілім тобының әрбір мүшесіне берілді. Фильмді төрт ай түсірілу барысында біз бір-бірімізде жақын таныдық»- деді продюсер Линн Хорсфорд. Сонымен қатар Бенедикт 2005 жылы «Broken News» комедиялық скетч-шоуда көрініс тапты. Кейін ол 2007 жылы қыркүйек айында көрсетілген «Стюарт: Өткен өмір» кітабының экранизациясында Том Хардимен бірге ойнады. «Соңғы жау» мини-сериалындағы Стивен Эзард рөлін сомдағаны үшін мини-сериал немесе телефильмде ең күшті әртіс атағына иеленіп, Satellite Award номинациясымен марапатталады. 2009 жылы «Марпл: Өлтіру оңай» атты фильмге түскен. Сонымен қатар «Кішкентай арал» телеэкранизацясында Бернард рөлін сомдағаны үшін BAFTA TV Awards премиясына иеленді. 2009 жылы мамыр мен маусым аралығында көрсетілген «Тынық мұхитының құпиясында» Камбербэтч әңгімеші рөлін сомдады. Ал 2009 жылы BBC медиакорпорациясының ұсынуымен Джон Мортимердің «Рампол и бунгало Пендждегі қылмыс» романында Бенедикт жас Рамполдың образына енді. Камбербэтч – 2010 жылғы маусым айында берген сұхбатында британдық ғылыми-фантастикалық «Доктор Кто» сериалының жанкүйері екенін және продюсері «Шерлок» телехикаясының продюсері мен оның жан досы Стивен Моффат болып табылатын бұл сериалда түскісі келетінін айтқан болатын. 2008 жылы Дэвид Теннантпен дәрігер рөлін сомдауды ақылдасып, кейін жанкүйерлердің алдында үлкен жауапкершілікті сезініп, 2014 жылы бұл телесериалда рөл сомдауға бас тартты. 2010 жылдан бастап сараптаушылар мойындаған «Шерлок» телесериалында Шерлок Холмс рөлін сомдай бастады. 2012 жылы көрсетілген «Парад соңы» телесериалында басты рөлде ойнады.

Жеке өмірі

2013 жылы қазан айында The Hollywood Reporter журналына сұхбат бере отырып, жеке өмірі туралы былай деп жауап берді: «Мен Лондон қаласында жалғыз тұрамын, балаларым жоқ. Бірақ болашақта балаларым болады деген үміттемін, себебі мен қазір көп уақытымды жұмысқа арнаймын және бос уақытымды достарыммен өткіземін...». 2014 жылдың 5 қарашада «The Times» газетінде Камбербэтч Софи Хантерге үйленгені жөнінде жарияланған. 2015 жылдың 13 маусымында Софи мен Бенедиктің тұңғыш ұлдары туылғаны туралы жарияланды.

Фильмдер тізімі

ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөл
2002Алтын орындарыFields of GoldДжереми
2002Бархат соңыTipping the VelvetФредди
2002Мылқау куәгерSilent WitnesУоррен Рейд
2002Ақ пілдерге ұқсас төмпешіктерHills Like White ElephantsЕр адам
2003ЕлестерSpooksДжим Норт
2003Патшаны өлтіруTo Kill a King
2003Кембридж тыңшыларыCambridge SpiesЭдвард Хэнд
2003Қырықтан астыFortysomethingРори Слипери
2004ХокингHawkingСтивен Хокинг
2004ДюнкеркDunkirkлейтенант Джимми Ленгли
2005Натан БарлиNathan BarleyРобин
2005Жер жүзіне саяхатTo the Ends of the EarthЭдмунд Тэлбот
2006Ондыққа енуStarter for 10Патрик Уоттс
2006Таңқаларлық жеңілдікAmazing GraceУильям Питт Младший
2007АжырамасInseparableДжо / Чарли
2007Стюарт: Өткен өмірStuart: A Life BackwardsАлександр Мастерс
2007ӨтеуAtonementПол Маршалл
2008Соңғы жауThe Last EnemyСтивен Изард
2008Болейн тегінен шыққанThe Other Boleyn GirlУильям Кэри
2008Марпл: қылмыс жасау оңайMarple: Murder Is EasyЛюк Фитцуилльям
2009Кішкентай аралSmall IslandБернард
2009ТегіCreationДжозеф Долтон Гукер
2010Төрт арыстанFour LionsЭд
2010—2014ҚұлақтандыруThe WhistleblowerНик Кауфман
2010Ван ГогVan Gogh: Painted with WordsВинсент Ван Гог
2010ШерлокSherlockШерлок Холмс
2010Үшінші жұлдызThird StarДжеймс
2010Бурлеск ертегісіBurlesque FairytalesГенри Кларк
2011БұзықшыларWreckersДэвид
2011ТыңшыларTinker, Tailor, Soldier, SpyПитер Гиллем
2011Соғыс жылқысы War Horseмайор Стюарт
2012Парад соңыParade's EndКристофер Титженс
2012Электрлік кино: өзіңді қалай ұстау керекElectric Cinema: How to BehaveХамфри Богарт
2012Хоббит: Күтпеген саяхатThe Hobbit: An Unexpected Journeyдракон Смауг, Некромант
2012Комадағы қызGirlfriend in a ComaДанте Алигьери
2013Стартрек: КөтерілісStar Trek Into DarknessХан Нуньен Сингх
201312 жыл құлшылық12 Years a SlaveУильям Форд
2013Тамыз: Осейдж сарайыAugust: Osage CountyСәби Чарли» Эйкен
2013Бесінші билікThe Fifth EstateДжулиан Ассанж
2013Шағын ұсынысLittle FavourУоллэс
2013Хоббит: Смаугтың ойрандалуыThe Hobbit: The Desolation of Smaugдракон Смауг, Некромант
2014LEGO The Hobbit: The Video GameLEGO The Hobbit: The Video Gameдракон Смауг, Некромант
2014Ұқсату ойыныThe Imitation GameАлан Тьюринг
2014Мадагаскар пингвиндеріPenguins of MadagascarВолк Агент Секрет
2014Хоббит: Бес әскердің шайқасыThe Hobbit: The Battle of the Five Armiesдракон Смауг, Некромант
2015Қара массаBlack MassБилл Балджер
2016Дәрігер СтрэнджDoctor StrangeДәрігер Стивен Стрэндж
Жоғары