Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бернар Арно ( фр. Bernard Arnault; 5 наурыз 1949) — француздық миллиардер кәсіпкер, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті және бас директор

Бернар Арно

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(қыркүйек 2024)

Бернар Арно ( фр. Bernard Arnault; 5 наурыз 1949) — француздық миллиардер кәсіпкер, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті және бас директоры.

Бернар Арно
фр. Bernard Arnault
Туған күні

5 наурыз 1949

Туған жері

Рубе, Франция

Азаматтығы

 Франция

Қызметі

CEO президенті

Әкесі

Жан Леон Арно

Жұбайы

Элен Мерсье-Арно

Балалары

1-некеден
қызы
Дельфина (1975)
ұлы
Антуан (1977)
2-некеден
ұлдары
Александр (1992)
Фредерик (1995)
Жан (1998)

Сайты

2021 жылдың 18 маусымында Бернар Арноның байлығы күніне 1,4 миллиард долларға өсіп, 200,4 миллиард долларды құрады. Арно байлығы 200 миллиард доллардан асатын екінші адам болды, біріншісі Amazon негізін қалаушы Джефф Безос болды.

2022 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Бернар Арноның байлығы 190,3 миллиард долларға бағаланады. Ол Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 3-ші орында.

2022 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша Бернар Арно әлемдегі ең бай адам болды және оның байлығы 211 миллиард долларға бағаланды.

2023 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша Бернар Арно мен оның отбасының байлығы 206,3 миллиард долларға бағаланады.


Жеке өмірі

1973 жылы Арно Анна Девавренге үйленді. Бұл некеден Дельфин мен Антуан есімді екі баласы дүниеге келді. Ерлі-зайыптылар 1990 жылы ажырасты. 1991 жылы Арно канадалық пианист Элен Мерсьеге үйленді. Бұл некеден Александр, Фредерик және Жан атты үш ұлы дүниеге келді. Қазіргі уақытта Арно мен Элен Мерсье Париж қаласында тұрады. Арноның төрт немересі бар: екеуі ұлы Антуаннан, екеуі қызы Дельфиннен тараған.

Жоғары