Боралдай – Қаратау жотасының оңтүстік-шығысындағы тау сілемі.
| Боралдай жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Қаратау жотасы |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 70 км |
| Ені | 30 км |
| Ең биік шыңы | Бөкейтау |
| Биіктігі | 1813 м |
| Орналасуы | |
| 42°42′09″ с. е. 70°16′37″ ш. б. / 42.70250° с. е. 70.27694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°42′09″ с. е. 70°16′37″ ш. б. / 42.70250° с. е. 70.27694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер | |
| | |
| | |
Географиялық орны
Жамбыл, Түкістан облыстарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1813 м (Бөкейтау). Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылған, ендірек жері батысында 25-30 км, оңтүстік-шығысында 5-7 км.
Жер бедері
Таудың бедері тегістеу келген. Талас пен Арыс өзендерінің суайрығындағы беткейлері тіктеу, жарқабақты. Боралдайдың баурайынан Боралдай, Қиыршықты өзендері бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Тау карбонның әктасты, гранитоидті және интрузивті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Етегі сұр және қоңыр топырақты, эфемерлі-бұталы биік шөптер басым. Беткейлері мен шатқалдарында Түркістан аршасы, Согдиана шетені, алша, пісте, сонымен қатар жеміс ағаштары шоғырлана өседі. Боралдайда Ақсу-Жабағылы қорығының Қарабастау палеонтологиялық учаскесі орналасқан.
