Ботния шығанағы — Балтық теңізінің солтүстік бөлігі, Швеция мен Финляндия аралығында. Ұзындығы 668 км, енді жері 240 км. Жағалаулары қатты тілімденген, кеме жүзуіне қолайсыз. Ең терең жері — оңтүстігінде (290 м). Шығанақтың басым бөлігін қыс айларында (кейде маусымның басына дейін) мұз басып жатады. Басты порттары: Васа, Оулу (Улеаборг), Пори — Финляндияда, Лулео, Умео — Швецияда. Швецияның тарихи аймағы — Ботнияның атымен аталған.
| Ботния шығанағы фин. Pohjanlahti, швед. Bottniska viken | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 117 000 км² |
| Тереңдігі | 295 м |
| Орташа тереңдігі | 60 м |
| Орналасуы | |
| 62°09′18″ с. е. 19°30′01″ ш. б. / 62.155° с. е. 19.5003° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 62°09′18″ с. е. 19°30′01″ ш. б. / 62.155° с. е. 19.5003° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Өзінен жоғары акватория | Балтық теңізі |
| Елдер | |

| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |