Боқай Қожыров(1935 жылы туған, Бейнеу ауданы,Қарақұм мекені) – радиоэлектроника, телекоммуникация саласының маманы.
- Новосибирск электртехника байланыс институтын бітірген (1958).
Байұлы тайпасы Адай руы Ақбота бөлімінен шыққан.
- 1958 – 1964 жылдары Алматы телевизия орталығында инженер, республикалық телевизия жүйесінің бас инженері
- 1964 – 1992 жылдары Семей облысының байланыс басқармасының бастығы, республикалық информация есептеу орталығының төрағасы болды.
- 1992 жылдан Қазақстан байланыс ғылыми жобалау институтының бас директоры, «Телекоммуникация институты» акционерлік қоғамының президенті.
- Қожыров байланыс техникасы және радиоэлектроника ғылым салалары бойынша 100-ге жуық мақалалардың, «Ғажап электрон» (1961), «Радиоқабылдағыштар» (1963), «Телевизия сигналы және қашықтық» (1974) атты кітаптардың авторы. Радиоэлектроника, байланыс техникасы бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздікті құрастырушы.
Санаттар:
- 1935 жылы туғандар
- Бейнеу ауданында туғандар
- Новосібір электротехника байланыс институты түлектері
- Қазақстан байланысшылары