Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі.

Бронхит

  • Басты бет
  • Бронхит

Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз.

Бронхит
Сурет.

Сала Пульмонология
Симптомдары жөтел, қақырық бөлінуі, ентігу, сырылдап тыныс алу
Асқынулары пневмония, созымалы бронхит, ӨСОА
Әдеттегі басталуы бастапқыда құрғақ, содан кейін қақырық бөлетін, ауырсынатын және ащы жөтел, қақырық пайда болған кезде басылады; жалпы әлсіздік, мазасыздық; қалтырау; бұлшықет және арқа ауруы.
Ұзақтығы 1—3 апта
Түрлері созылмалы және жедел
Себептері вирустық респираторлық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болу; маусымдық (қыс-күзгі кезең); гипотермия; зиянды әдеттердің болуы (темекі шегу, алкогольді ішімдіктерді тұтыну), физикалық және химиялық факторлардың әсер етуі (күкірт буын, күкіртсутекті, хлорды, бромды және аммиакты ингаляциялау).
Дифференциация диагностикасы Бронх демікпесі, ӨСОА, жүрек жеткіліксіздігі
Медикация ингавирин, занамивир, осельтамивир
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б. микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді. Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады. Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік гимнастика жүргізіледі. Науқас C витаминіне және ақуызға бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны жөн.

Мазмұны

Созылмалы бронхит

Белгілері

  • Сілекейлі жөтел болады, ол айларға немесе жылдарға созылады. Кейде жөтел күшейіп, ыстық көтеріледі. Осындай жөтелге шалдыққан адам, егер онда туберкулез немесе демікпе сияқты созылмалы аурулар болмаса, созылмалы бронхитпен ауыратын болуы кереқ
  • Бұл ауру көбіне темекіні көп шегетін қарт адамдарға тән.

Созылмалы бронхит эмфиземаға соқтыруы мүмкін, ол өте ауыр, жазылмайтын дерт, мұнда өкпенің ұсақ ауа қалташалары істен шығады. Эмфиземамен ауыратын адамдардың дем алысы ауырлайды, әсіресе жұмыс істеп, қимылдағанда қиналады, оның кеудесі үлкен қапшыққа ұқсап қалады. бөшке кеуде

Эмфиема созылмалы демікпеден, созылмалы бронхиттен немесе темекі шегуден болуы мүмкін.

Емдеу жолдары

  • Темекі шегуді тоқтатыңыз.
  • Құрамында эфедрин немесе теофиллин бар демікпеге қарсы қолданылатын дәрілер қабылдаңыз.
  • Созылмалы бронхитпен ауыратын адамдар әр салқын тиіп немесе тымау болып темпе-ратура көтерілген сайын ампициллин немесе тетрациклин ішуге тиіс
  • Егер науқас адамға қақырығын түсіру қиынға соқса, ол су буымен дем алуы керек және сонан соң оған айтылған әдістер бойынша қақырықты түсіруге көмектесіңіз.

Тағы қараңыз

  • Бронхтық демікпе
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Пурин негіздері

  • Сәуір 02, 2026

    1917 жыл

  • Сәуір 05, 2026

    Алаша хан

  • Наурыз 21, 2026

    Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

  • Наурыз 21, 2026

    Орфография

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары