Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бурят тілі (Buryat language) — алтай тілдер отбасының моңғол тобына кіреді, ерін үндестігі (сингармонизмі) бар жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады. Бурят

Бурят тілі

  • Басты бет
  • Бурят тілі

Бурят тілі (Buryat language) — алтай тілдер отбасының моңғол тобына кіреді, ерін үндестігі (сингармонизмі) бар жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады. Бурятия Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994, Тілдер туралы Заң 1996).

Бурят тілі
Өз атауы:

Buryat language

Елдер:

Ресей, Моңғолия, Қытай

Сөйлеушілер саны:

218 600

Классификация

Еуразия тілдері

алтай тілдер отбасы
моңғол тобы
Жазуы:

ескі монғол жазуы, латын әліпбиі, кириллица

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

бур 125

ISO 639-1:

bua

ISO 639-2:

bua

ISO 639-3:

bua

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Мазмұны

Референтті халық

Референтті халық: буряттар; өз атауы – бурят, буряад.

Географиялық таралуы

Бурят тілінің таралу аймағына Ресей Федерациясының үш субъектісінің аумақтары кіреді: Бурятия Республикасы, Иркутск облысының Усть-Орда Бурят округі және Забайкалье өлкесінің Агинский Бурят округі.

Сонымен қатар Солтүстік Моңғолия және солтүстік-шығыс Қытайда тұрады. Ресей Федерациясындағы Бурят тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен 218,6 мың адамды құрайды (2010 жылғы халық санағы).

Диалектісі

Бурят тілінің 4 диалектісі бар: батыс (эхирит-булаят), аралық (аларо -тункин), шығыс (хорин), оңтүстік (цонголо-сартуль).

Жазуы

Буряттар 1930 жылға дейін ескі монғол жазуын, 1931 жылдан бастап латын графикасы негізінде, 1938 жылдан бастап орыс (кириллица) графикасы негізінде жазуды қолданды.

Қазіргі бурят әліпбиі

А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё Ж ж
З з И и Й й К к Л л М м Н н О о
Ө ө П п Р р С с Т т У у Ү ү Ф ф
Х х Һ һ Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы
Ь ь Э э Ю ю Я я
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Септік жалғау

  • Наурыз 12, 2026

    Маңғыстау облысы

  • Сәуір 06, 2026

    Иман негіздері

  • Сәуір 06, 2026

    Бұрындық хан

  • Сәуір 07, 2026

    Тува тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары