
Біләл Омаров (17 қараша 1924 жылы туған, Мойынқұм ауылы) – генерал-майор.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан.
2-дүниежүзілік соғыстың ардагері. Соғыстан кейін КСРО Ішкі әскерлер қатарында, 1949 – 1962 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің аппаратында басшы қызмет атқарды. 1960 – 1970 жылдары Жамбыл облысы қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Атырау облысы Ішкі істер басқармасының бастығы болды.
Жетістіктері
1971 жылы милиция генерал-майор атағына ие болды. Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
- Дүниежүзілік соғыс
- Қызыл Ту
- Ардагер
Санат:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары