Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

"Бірлік туы (بىرلىك تۋى)"– алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1917 ж. 24 маусымнан 1918 ж. сәуір айының ортасына дейін Ташкент қаласында аптасында 1 рет шығып т

Бірлік Туы

  • Басты бет
  • Бірлік Туы

"Бірлік туы (بىرلىك تۋى)"– алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1917 ж. 24 маусымнан 1918 ж. сәуір айының ортасына дейін Ташкент қаласында аптасында 1 рет шығып тұрған. Негізін қалаушы әрі алғашқы редакторы — Мұстафа Шоқай. Газетті шығару ісіне Қ. Болғанбаев пен С. Қожанов тікелей атсалысты. Газет 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы хабарларды жариялап, елді бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы болды. Газет қазақтардан басқа, қырғыз, өзбек, татар, т.б. түркі халықтарының арасына кеңінен тарады. 1917 ж. тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз съезі баспасөз туралы мәселе бойынша “жаңадан шыға бастаған “Бірлік туы” барша қазақ-қырғызға ортақ болсын” деген қаулы қабылдаған. “Бірлік туы” Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне қолдау көрсетіп, бұл жөнінде “Түркістан автономиясы”, “Бостандық һәм автономия”, “Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары”, “Сырдария қазақ-қырғыз съезі” деген мақалалар жариялады. “Бірлік туы” кеңестік биліктің Түркістан өлкесінде орнығуына наразылық танытып, оның таптық негізді басшылыққа алған саясатын сынайтын “Кім дос, кім қас?”, “Өзіміздің большевиксінгендерге”, “Қазақ халқының дұшпандары”, “Тұла бойы қан сасиды”, “Қоқан қырғыны”, “Мұстафа хаты”, т.б. мақалалар жариялаған. Газет кеңес өкіметі тарапынан қысымшылық көріп, жабылды.

Бірлік туы
Брликъ Туы بىرلىك تۋى
Бірлік туы газетінің логотипі
Бірлік туы газетінің логотипі
Түрі

қоғамдық-саяси апталық газет

Баспашы

Мұстафа Шоқай, Қ. Болғанбаев, С. Қожанов

Бас редакторы

Мұстафа Шоқай

Құрылған жылы

1917 жыл маусымның 24

Тілі

қазақша, қырғызша, орысша

Бағасы

Бір жылға - 5 сом, жарты жылға - 3 сом, 3 айға - 1 сом 70 тиын

Бас кеңсесі

Ташкент, Мәскеу көшесі, 40.

Бірлік туы газетінің №8 басылымы. 1917
Мақаланың дыбысталған нұсқасы (29 қыркүйек 2015 ж.)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Әбіш Кекілбаев

  • Сәуір 04, 2026

    Нұрлы Байкенов

  • Сәуір 05, 2026

    Майндағы Франкфурт

  • Сәуір 14, 2026

    Жидебай (ауыл)

  • Сәуір 12, 2026

    Теңіз жазығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары