Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бұйрықты сөйлем ( орыс. побудительное, повелительное предложение ) - қимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлем

  • Басты бет
  • Бұйрықты сөйлем

Бұйрықты сөйлем ( орыс. побудительное, повелительное предложение ) - қимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:

  • 1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, Бұйрықты сөйлем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. Мысалы: - Сен мен не істесем, соны істе! - деді Ұлпан Шынарға сыбырлап (Ғ.Мүсірепов).
  • 2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, Бұйрықты сөйлем талап, тілек мәнінде айтылады. Мысалы: Қара көктің жал-құйрығы қара ғой, қаралы aт осы болсын! - деді (М. Әуезов).
  • 3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғанса, Бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді. Мысалы: Орныңнан ары отырған бер отырушы, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі (халық өлеңі). - Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші (Ғ. Сланов).
  • 4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, Бұйрықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы: - Канта, түс аттан! Қапта тегіс! - деп Көтібақ, Топай, Торғай жігіттерін де тұтас айдап салды (М. Әуезов).
  • 5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: Бүгіннен бастап олармен сөйлеспейсің (М. Әуезов).
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 13, 2026

    Ән-Нахл сүресі

  • Сәуір 04, 2026

    Византия күнтізбесі

  • Сәуір 04, 2026

    Кеңестік республика

  • Сәуір 21, 2026

    Балқаш әуежайы

  • Сәуір 05, 2026

    Хань әулеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары